
Қазақ тілі білімі кафедрасы
Кафедра 1992 жылдан бастап қазақ тілі кафедрасы деген атаумен өз алдына жеке шағын ұжым ретінде жұмыс істеп келеді.
Университеттің мәртебесіне байланысты қазақ тілі кафедрасы 1999 жылдан қазақ тіл білімі кафедрасы деп аталады.
Кафедра меңгерушісі қызметін әр жылдары: ф.ғ.к., доцент Ш.К.Мертешева (1988-1995 жж.), ф.ғ.к., доцент М.Қожанов (1992-1995 жж.), ф.ғ.к., доцент Г.Б.Ержанова (1995-1997 жж.), ф.ғ.д., профессор С.Н.Негимов (1997-1999 жж.), ф.ғ.д., профессор С.Қ.Әлісжан (2008-2010 жж.), ф.ғ.д., профессор Ж.А.Жақыпов (2010-2011 жж.), ф.ғ.д., профессор Б.Әбдуәлиұлы (2011-2012 жж.), ф.ғ.к., доцент Қ.Қ.Сарекенова (2012-2016 жж.), ф.ғ.к., доцент А.Б.Бейсенбай (2016-2019 жж.) атқарады.
1999 жылдан 2008 жылдың қарашасына дейін кафедра меңгерушілігі қазметін республикамызға белгілі ғалым, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.С.Серғалиев атқарды.
Академик М.С.Серғалиевтің бастамасымен ЕҰУ тарихында тұңғыш рет 2000 жылдан 2008 жылға дейін қазақ тілі мен орыс тілінен кандидаттық диссертация қорғататын диссертациялық кеңес жұмыс істеді. Магистратура, аспирантура ашылды.
2023 жылдан бастап кафедра меңгерушісі – Сәрекенова Қарлығаш Құрманғалиқызы
Қазіргі уақытта қазақ тіл білімі кафедрасында 8 ғылым докторы (Т.М.Әбдікәрімова, Т.Әбдіғалиева, Ж.А.Жақыпов, Г.Сағидолда, Б.Әбдуәлиұлы, Г.О.Сыздықова, Ш.Қ.Құрманбаева, Г.Ә.Сәрсеке), 9 ғылым кандидаты (А.Б.Бейсенбай, М.Х.Шаяхметова, А.С.Мұхтарова, Г.Б.Мамаева, Л.Ә.Еспекова, Қ.Қ.Сәрекенова, М.К.Ахметова, Ж.Қ.Өмірбекова, С.С.Шоқабаева) және 1 PhD докторы Қ.К.Кенжалин жұмыс істейді.
Кафедраның жетекші профессорлары мен доценттері облыстардағы университеттермен, мектептермен ғылыми-әдістемелік байланыс жасап, теориялық курстардан лекция оқиды, аспиранттар мен ізденушілерге ғылыми жетекшілік етеді, мектеп мұғалімдеріне ақыл-кеңес береді.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты «Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы мен дамуы, оның зерттелуі және қолдану мәдениеті» мәселелерін қамтиды. Қазіргі уақыт ішінде кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы қазақ тілінің грамматикасы, тіл тарихы, тіл мәдениеті, функционалды стиль түрлерінің коммуникативтік сипаты, танымдық тіл теориясы, қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелеріне қатысты бағыттарда зерттеулер, ізденістер жүргізеді.
Кафедра даярлайтын бағдарламаларының оқу жоспары пәндерді оқытудың тиімділігін, пәндердің студенттердің оқу жұмысына сәйкес семестр бойынша тең бөлінуін, ЖОО-ның кадрлық және материалдық техникалық әлеуетін тиімді қолдануды қамтамасыз етеді.
Білім беру бағдарламасы бойынша кадрмен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды. Базалық және кәсіптендіру пәндері бойынша тек ғылыми дәрежесі бар оқытушылар ғана сабақ береді. Сонымен қатар оқу үдерісінде университеттің материалдық-техникалық базасы тиімді пайдаланылып, базалық және кәсіптендіру пәндері арнайы жабдықталған атаулы дәрісханаларда өткізіледі. Атаулы дәрісханалар оқу, ғылыми және ақпараттық сипаттағы әдебиеттермен қамтамасыз етілген.
2016 жылдан бастап университеттің стратегиялық және шұғыл мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында әрбір қызметкердің үлесін айқындау үшін ЕҰУ-дың KPI жобасы енгізілді. (П ЕҰУ 14-16 «Профессорлық-оқытушылық құрамның, кафедра меңгерушілері мен декандардың KPI туралы Ережесі). Бұл жүйе көрсеткіштердің объективтілігін, айқындығын анықтауға негізделеді.
Академик М.С.Серғалиевтің бастамасымен ЕҰУ тарихында тұңғыш рет 2000 жылдан 2008 жылға дейін қазақ тілі мен орыс тілінен кандидаттық диссертация қорғататын диссертациялық кеңес жұмыс істеді. Магистратура, аспирантура ашылды.
Кафедра меңгерушісі қызметін әр жылдары: ф.ғ.к., доцент Ш.К.Мертешева (1988-1995 жж.), ф.ғ.к., доцент М.Қожанов (1992-1995 жж.), ф.ғ.к., доцент Г.Б.Ержанова (1995-1997 жж.), ф.ғ.д., профессор С.Н.Негимов (1997-1999 жж.), ф.ғ.д., профессор С.Қ.Әлісжан (2008-2010 жж.), ф.ғ.д., профессор Ж.А.Жақыпов (2010-2011 жж.), ф.ғ.д., профессор Б.Әбдуәлиұлы (2011-2012 жж.), ф.ғ.к., доцент Қ.Қ.Сарекенова (2012-2016 жж.), ф.ғ.к., доцент А.Б.Бейсенбай (2016-2019 жж.), ф.ғ.к., доцент Қ.Т. Маликов (2020-2023жж), ф.ғ.к., профессор м.а. Қ.Қ. Сәрекенова (2023-2024 жж) атқарды.
2024 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бибеков Қаныш Тлеужанұлы атқарып келеді.
Қазіргі уақытта қазақ тіл білімі кафедрасын\ оқытушыларының 100 пайыз ғылыми дәрежесі бар. Соның ішінде 7 ғылым докторы (Ж.А.Жақыпов, Ш. Құрманбайұлы, Г.Сағидолда, Б.Әбдуәлиұлы, Г.О.Сыздықова, Ш.Қапантайқызы, Ж.А. Құсайынова), 10 ғылым кандидаты (А.Б.Бейсенбай, Қ.Т. Бибеков, Г.Б.Мамаева, Л.Ә.Еспекова, Қ.Қ.Сәрекенова, М.К.Ахметова, Н.Н. Аитова, Ж.Қ.Өмірбекова, С.С.Шоқабаева, М.Б.Баймұханбетова) және 3 PhD докторы Қ.К.Кенжалин, Ш.Б. Салихжанова, С.Жанжигитов жұмыс істейді.
Кафедра
бакалавриат: 6В02305 – «Қазақ филологиясы», 6В01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»
магистратура: 7М02305 – «Қазақ филологиясы», 7М01717 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
докторантура: 8D02305 – «Филология», 8D01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»
білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды.
Білім беру бағдарламалары маман даярлау сапасын арттыру мақсатында нарық және заман талабына сәйкес жыл сайын жаңғыртылып, жаңартылып отырады. Білім беру бағдарламаларын жаңалау кезінде кәсіби стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптары негізге алынады. Білім беру бағдарламаларының барлығы қхалықаралық аккредиттеуден өткен. Мысалы, «6B02305-Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасы, «7M02305-Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасы «Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінде» (АРТА) аккредиттеу рәсімінен өтіп, білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге, 22.12.2023-21.12.2028ж., мамандандырылған аккредиттеуден өткенін растайтын куәлік (тіркеу нөмірі: АВ 4973, АВ 4974) алды.
