
Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның жоғары білім беруінде халықаралық интеграцияны дамыту мен филология саласында білікті мамандарды даярлау мақсатында кафедра келесі бағыттар бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыруда: білім беру үрдісін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу, заманауи оқыту әдістерін қолдану, СҒЗЖ, МҒЗЖ және ДҒЗЖ орындау және ақпарат алмасу.
Кафедра оқытушыларының шетелдің жоғары оқу орындарында дәріс оқуы, шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасу мақсатындағы іссапарлар саны өсіп келеді. Халықаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында шетелдік ғалымдарды білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға дәріс оқуға шақыру шаралары ұйымдастырылып тұрады.
Кафедраның шетелдік әріптестері:
• Еге университеті, Түркия
• Башкент университеті, Түркия
• Минзу университеті, ҚХР
• Желел Байар университеті, Түркия
Шетелдік әріптестермен төмендегідей жұмыстар жүргізіліп, атқарылуда:
2016 жылдың 23-24 мамыр күндері Түркиялық ғалымдар доктор, профессор Зеки Каймаз (Еге университеті, Измир қ.), доктор, профессор Шереф Али Бозкапылан (Докуз Ейлүл университеті), доктор, профессор Суер Екер (Башкент университеті) кафедра оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына «Жаһандану дәуірінде түркі тілдері және оның болашағы» атты ғылыми семинар жүргізді.
Университет тарапынан жүргізіліп жатқан «Шетелдік ғалымдарды ҚР ЖОО-на тарту» бағдарламасы аясында 28.11.16-12.12.16 аралығында доктор, профессор Айше Илкер (Желел Байар университеті, Түркия) кафедра магистранттарына дәріс оқыды.
Профессор Ж.А. Жақыпов 27.10.16-19.11.16 аралығында Минзу университетінде (Пекин қ., ҚХР) «Қазақ аударматануының қазіргі жетістіктері», «Қазақ тілі синтаксисінің синхорниялық, диахрониялық тұрғыда зерттелуі» атты тақырыптарда дәріс оқып, «Сөз мағынасындағыұлттық бояу» атты ғылыми семинар жүргізді.
Шетелдік әріптестердің шақыртуы бойынша кафедра магистранттары мен студенттері (Әсемгүл Раева, Олжас Амандықов, Тоты Шоқақова, Динара Сыланова, Алима Сәрсенбаева, Қымбат Тұрарханова, Өркен Абдиров, Елдос Өмірхан)Түркияның Мармарис қаласында 2017 жылдың 27-31 мамыр күндері өткен «Uluslararası Gençlik Araştırmaları Kongresi»атты жас ғалымдар конгресіне қатысып, ғылыми баяндамалар жасады.
Қазақ тіл білімі және Қазақ әдебиеті кафедраларының Абант Иззет университетімен ортақтаса ұйымдастыруымен Болу қаласында (Түркия Республикасы) «Көроғлы және түркі дастандары» атты VI. Халықаралық Көроғлы симпозиумы өткізіліп, университет оқытушылары ҰҒА академигі, филол.ғ.д., профессор С.А. Қасқабасов, филол.ғ.д., профессор Ш.Ыбыраев, филол.ғ.д., профессор Ж.А. Жақыпов, филол.ғ.д., профессор Ж.Ә.Аймұхамбет, филол.ғ.к.,доцент Қ.Қ. Сарекенова, PhD докторы Қ.К.Кенжалиндер ғылыми баяндамаларымен қатысты.
2017 жылдың 24-25 қазан күндері доктор, профессор Гүрер Гүлсевин(Еге университеті, Түркия) кафедра оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына «Терминтану және ортақ термин мәселелері» атты ғылыми семинар жүргізді.
Профессор Ж.А. Жақыпов шетелдік әріптестермен бірге «Қытай-қазақ тілдері арасындағы аударма мәселесі» атты ғылыми жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде (Минзу университеті, ҚХР).
Шетелдік әріптестеріміздің қолдауымен «Филология: Қазақ филологиясы» және «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының магистранттары Еге университеті Түркі әлемін зерттеу институтында (Измир қ., Түркия) ғылыми тағлымдамадан өтіп келді.
Академиялық ұтқырлық бойынша 7М01717 -қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс магистранттары Дана Оспанова мен Зухра Исламова Шығыс Жерорта теңізі университетінде (Кипр), Тоғжан Амилбекова Стамбул университетінде (Түркия) қысқа мерзімді (күзгі семестр) білім алып келді.
2018-2019 оқу жылы аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асуда. "Қазақ филологиясы" және "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының магистранттары Түркия еләндегі Памуккале университетінде білім алды. Сондай-ақ кафедра магистранттары мен докторанттары жоспарға сәйкес шет елдерінде тағлымдамадан өтуде.
2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Түрік тілі қауымдастығының директоры, доктор профессор Гурер Гүлсевин студенттерге екі пәнді оқытуға шақырылды.
2021-2022 жылдар аралығында толық курс, Welcome to Enu, екідипломдық білім алу, дайындық бағдарламалары бойынша Қазақ тіл білімі кафедрасында Монғолия, Қытай, Өзбекстан елдерінен келген студенттер білім алуда.
2022 жылы Екжи Метин (Түркия), Шамилоглу Юлай (АҚШ), Дыбо Анна Владимировна (Ресей) и Арслан Мустафа (Түркия) шетелдік ғалымдар мен профессорлар Қазақ тіл білімі кафедрасымен бірлестікте лекция оқып, "Ұлы Жібек Жолының тарихи топонимиясын ғылымдар тоғысында зерделеу" проектісінде зерттеу жұмыстарын жүргізді
Кафедра ғылым және білім беру ісінде шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Кафедра Түркия Рсепубликасының Еге университеті, Стамбул университеті, Гази университеті, Башкент университеті, Анкара Хажы Байрам Вели университеті, Памуккале университеті, Ресейдің Мәскеу Лингвистика университеті, Қазан федералды университеті, Ақмола ат. Уфа мемлекеттік университеті, Өзбекстанның Ұлықбек ат. Өзбек ұлттық университеті, Науаи ат. Өзбек тілі мен әдебиеті мемлекеттік университеті, Әжнияз ат. Нүкіс педагогика институты, Қырғызстанның Баласағұн ат. Мемлекеттік университеті, Ош мемлекеттік университеті, Қытайдың Пекин ұлттар университеті, Іле педагогикалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасап, академиялық ұтқырлық, ғылыми тағлымдама, ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатар, шетелдік ғылыми жетекшілік мәселелері бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. 2024 жылы Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы Насими атындағы Тіл білімі институты және Әзербайжан Тілдер университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалды.
Кафедраның докторанттары мен магистранттары осы университеттерге барып, ғылыми тағылымдамадан өтеді. Ғылыми кітапханаларында жұмыс істеп, диссертацияларын жазуға қатысты материалдар жинақтайды. Сонымен бірге шетелдік ғалымдар докторантарға ғылыми кеңесші болып, әлемдік ғылым деңгейінде бағыт-бағдар береді. Кафедраның білім алушылары академиялық ұтқырлық бойынша шетелдің оқу орындарында білім алып келеді. Мысалы, 2025 жылы кафедраның білім беру бағдарламасында оқып жатқан 11 студент Түркия республикасының Памуккале университетінде академиялық ұтқырлық бойынша барып, оқып қайтты.
Кафедраның жетекші профессорлары мен доценттері алыс, жақын шетелдердің, Қазақстанның жоғары оқу орындарында арнайы шақыртумен дәріс оқиды. Мысалы, профессорлар Ж. Жақыпов, Қ. Сарекенова Минзу университентінде (ҚХР), Б. Әбдуәлиұлы Сиань университетінде (ҚХР), профессор Г.Сағидолда, М. Ахметова Ұлықбек университетінде (Өзбекстан Республикасы) дәріс оқыды. Сонымен бірге еліміздегі университеттермен, мектептермен ғылыми-әдістемелік байланыс жасап, теориялық курстардан дәрістер оқиды, докторанттар мен магистранттарға ғылыми кеңесші болады, мектеп мұғалімдеріне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетеді.
