
Л. Н. Гумилева атындағы ЕҰУ-і филология факультеті ректордың 2009 жылғы 10 ақпандағы № 33-n бұйрығына сәйкес Тарихи-филология факультетін қайта құру негізінде құрылған университеттің құрылымдық бөлімшесі.Гуманитарлық білімнің замануи талаптарына жауап бере алатын әлемдік деңгейде кәсіби тұрғыдан бәсекеге қабілетті қазақ, орыс, ағылшын, неміс, қытай тілдері мен әдебиеті, аударма мамандарын даярлауда Еуразия аймағындағы жетекші ғылыми-зерттеу орталығына айналып отырған Филология факультеті стратегиялық даму жолында зерттеушілік типтегі білім беру құрылымы және филологиялық білім беру саласындағы инновациялық орталық ретінде танылады.
Гуманитарлық білімнің замануи талаптарына жауап бере алатын әлемдік деңгейде кәсіби тұрғыдан бәсекеге қабілетті қазақ, орыс, ағылшын, неміс, қытай тілдері мен әдебиеті, аударма мамандарын даярлауда Еуразия аймағындағы жетекші ғылыми-зерттеу орталығына айналып отырған Филология факультеті стратегиялық даму жолында зерттеушілік типтегі білім беру құрылымы және филологиялық білім беру саласындағы инновациялық орталық ретінде танылады.
Факультет миссиясы
Әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, қазіргі заманғы гуманитарлық білім беру талаптарына жауап беретін Еуразия аймағының жетекші ғылыми-зерттеу орталығы болу филология факультетінің алдында бәсекеге қабілетті білім беру өнімдерін әзірлеу мен нарыққа ұсынуды, сондай-ақ гуманитарлық ғылымдар саласындағы бірінші дәрежелі мамандарды даярлауды көздейтін түбегейлі жаңа кәсіби деңгейге шығу міндеті өткір тұр. Тиісінше, негізгі миссия әлемдік бәсекеге қабілеттілік деңгейі бар филологиялық бағыттағы кадрларды даярлау мақсатында оқытушылар мен студенттердің ғылыми-білім беру қызметіне зияткерлік әлеуетін тиімді іске асыру үшін барынша жағдай жасауға мүмкіндік беретін қағидаттарға негізделеді.
Ғылыми-зерттеушілік, әдеби шығармашылық әлеуеті Қазақстанға кеңінен танылған Филология факультетінің оқытушы-профессорлар құрамында еліміздің айтулы шығармашылық элитасы мол. Олардың қатарында ҚР ҰҒА академиктері, филология ғылымдарының докторлары, профессорлар, қоғам қайраткерлері, жазушылар, айтыскерлер, ақындар да бар.
Факультет оқытушылары шетелде дәрістер оқып, практикалық сабақтар өткізеді. Факультеттің шетелден ұзақ және қысқа мерзімге дәріс оқуға шақыртылған оқытушы-профессорлар саны жыл сайын артуда.
Соңғы 3 жылдың өзінде академиялық ұтқырлық бойынша шетелде білім алған студенттер саны екі жүзден асты. Қазіргі уақытта Корея, Қытай, Ресей, Испания, Түркия, Өэбекстан, Моңғолия және басқа да елдерден келген шетелдік білім алушылар оқып жатыр.
Қазіргі уақытта факультетте 9 кафедра жұмыс істейді:
1. Қазақ тіл білімі кафедрасы
2. Қазақ әдебиеті кафедрасы
3. Орыс филологиясы кафедрасы
4. Шетел филологиясы кафедрасы
5. Теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасы
6. Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы
7. Қытай филологиясы кафедрасы
8. Практикалық қазақ тілі кафедрасы
9. Шетел тілдері кафедрасы
