
Халықаралық қатынастар

Халықаралық ынтымақтастық туралы
Филология факультетінің халықаралық ынтымақтастығы университетаралық және факультеттік келісім-шарттар, меморандумдар мен келісімдер, сондай-ақ хаттамалар мен жұмыс бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Әлемнің түрлі университеттерінің жетекші профессорлары студенттерге дәріс оқиды. Факультет ынтымақтастығының географиясы әртүрлі – филология факультеті Ресей, Түркия, Венгрия, Германия, ҚХР, АҚШ, Испания, Франция, Оңтүстік Корея, Польша, Ұлыбритания, ТМД және т.б. мемлекеттердің жетекші академиялық және ғылыми орталықтарымен бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асырады.
Шетелдік университеттер мен өзге де білім беру және ғылым ұйымдарының ғалымдары бакалаврларды, магистранттарды, РhD докторларын дайындау бойынша оқу процесіне қатысады. Филология факультеті шетелдік серіктестермен, халықаралық және аймақтық орталықтармен және ұйымдармен бірлесе отырып, ғылыми жобалар мен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға белсенді қатысады. Факультет әлемнің 48 жетекші шетелдік университеттерімен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастықта. Олармен оқытудың барлық деңгейлерінде (бакалавриат – магистратура – докторантура) мамандар даярлау бойынша білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады, ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірлескен конференциялар, конгрестер, саммиттер ұйымдастырылады және тәжірибе алмасу жүзеге асырылады.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту негізгі міндеттері:
- Көптілді оқыту бағдарламасы үшін педагогикалық кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру;
- «Сапаның жаңа стандарттары» – мазмұнға қосымша талап ету жүйелерін, білім үдерісінің шарттары мен нәтижесін қалыптастыру;
- Көптілді оқытуды дамыту үшін ғылыми-әдістемелік негізді жаңарту;
- Көптілді оқытуды бағдарламаларын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету;
- Университеттің халықаралық әрекетін қолдау және дамыту;
- Әлемдік білім беру және ғылыми жүйеге факультет интеграциясы;
- Университеттің халықаралық қызметін ақпаратты түрде қамтамасыз ету;
- Шетел студенттерімен жұмыс жасау.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы және Эразмус Плюс, Мевлана халықаралық бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттар АҚШ, Германия, Франция, Испания, Польша, Чехия, Румыния, Түркия, Ресей және т.б. шет елдерде семестірлік білім алу мүмкіндігіне ие.
Факультетімізде магистратура және докторантура білім бағдарламалары бойынша білім алушылар алыс және жақын шет елдердің серіктес жоғары оқу орындарының бірінде – Ресей, Германия, Испания, Польша, Румыния, Түркия, Грузия т.б. ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Серіктес ЖОО және халықаралық ынтымақтастық:
- Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
- Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ
- Бөкетов атындағы ҚарМУ
- С. Торайғыров атындағы ПМУ
- Яссы университеті (Румыния)
- Валенсия университеті (Франция)
- Франкфурт университеті Гете (Германия)
- Тбилиси мемлекеттік университеті (Грузия)
- ММЛУ им. М.Тореза (Ресей)
- Гази Университеті (Түркия)
- Ош мемлекеттік Университеті (Қырғызстан)
- Вашингтон тілдер және тіл саясаты ұлттық зерттеу институты (АҚШ) және т.б.
Қос дипломды бағдарламалар студенттерге халықаралық деңгейдегі білім алып, екі университеттің дипломын иеленуге мүмкіндік береді. Соңғы үш жылда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша екі жүзден астам студент шетелде білім алған. Бүгінде факультетте Корея, Қытай, Ресей, Түркия, Испания, Моңғолия және Өзбекстаннан келген шетелдік студенттер білім алуда. Бұл – факультеттің халықаралық беделі мен тартымдылығының жоғары екендігінің дәлелі.
