
Жетістіктер
Факультет жетістіктері
"Болашақ" бағдарламасы
Филология факультетінің оқытушылары п.ғ.к. М.Ж. Түсіпбекова және PhD докторы Д.М. Акижанова «500 ғалым» «Болашақ» бағдарламасы аясында Миннесота университетінде (АҚШ) тағылымдамадан өтті. Тағылымдама 6 айға созылды (2022 жылғы маусым-желтоқсан). Оқытушылар АҚШ-тың әртүрлі оқу орындарында және қабылдаушы университеттің шеберханаларында болып, үлкен тәжірибе жинақтады.

Үздік ғылыми қызметкер -2023
Оразбек Мақтагүл Социалқызы, ф.ғ.д., қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры

Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Сағынадин Гүлназ Сағынадинқызы ҚР ҒЖБМ “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы 2024” атағының иегері.

2026 жылғы 13 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тағайындаған мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаттарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Кіріспе сөзінде министр Саясат Нұрбек мемлекеттік ғылыми стипендия ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, өз ғылыми мектептерін қалыптастырған, жас әрі дарынды шәкірттер тәрбиелеген және ғылыми қауымдастық тарапынан мойындалған, ғылым саласында ерекше жетістіктерге жеткен ғалымдарға табысталатынын атап өтті.
Биыл бұл жоғары марапатқа филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ермекқызы Бижкенова, филология ғылымдарының докторы, профессор Күләш Керімбекқызы Дүйсекова және PhD, қауымдастырылған профессор Әсел Шералиевна Ақжігітова ие болды. Үш лауреат та Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің шетел филологиясы кафедрасының ғалымдары.
Ғалымдарға лайықты марапат пен сертификаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Басқарма президенті Ахылбек Куришпаев салтанатты түрде табыстады. Ол республикалық байқау жеңімпаздарын құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

