
Ғылым

Факультет оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары
Филология факультеті – ғылым мен білім тоғысқан, халықаралық деңгейде мойындалған іргелі ғылыми-академиялық орталықтардың бірі. Бүгінде факультетте 200-ден астам профессор-оқытушы қызмет атқарады. Ғылыми дәреже көрсеткіші 70 пайызды құрайтын ұжым құрамында 1 ҚР ҰҒА академигі, 32 ғылым докторы, 70 ғылым кандидаты және 48 PhD маман бар.
Факультетте оқытушы-зерттеушілер мен белгілі ғалымдар – Тажибаева С.Ж., Жаркынбекова Ш.К., Аймұхамбет Ж.Ә. сынды білікті мамандар жемісті еңбек етуде. Факультет оқытушылары ғылыммен қатар шығармашылық және қоғамдық салада да жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Ұжым қатарынан 3 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2 «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен 2 халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары шыққан. Сонымен бірге 40-тан аса оқытушы мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болған. 2025 жылы мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері Дуйсекова К. К., Бижкенова А. Е., Акжигитова А. Ш..
Факультет ғалымдары халықаралық ғылыми кеңістікпен тығыз байланыс орнатып, жыл сайын «500 ғалым» бағдарламасы аясында шетелдік жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтуде. Бұл – факультеттің ғылыми әлеуеті мен кәсіби бәсекеге қабілеттілігінің айқын көрсеткіші.
Қазіргі таңда факультетте халықаралық, гранттық және «Жас ғалым» бағдарламалары бойынша 20-дан астам ғылыми жоба жүзеге асырылуда. Халықаралық жобаны факультетімізде орыс филологиясының кафедра меңгерушісі, жоба жетекшісі Нұрғали Қ.Р. «The University of Arizona» (Аризона штаты, АҚШ) университетімен сәтті жүргізуде Зерттеу нәтижелері Scopus, Web of Science және Q1–Q2 деңгейіндегі беделді халықаралық журналдарда тұрақты жарияланып келеді.
Факультетте халықаралық конференциялар, ғылыми семинарлар мен маусымдық мектептер жүйелі ұйымдастырылып, жас зерттеушілердің кәсіби дамуына кең мүмкіндік жасалуда. Сонымен қатар ғалымдар оқу үдерісіне арналған монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеуге белсенді атсалысуда.
Білім алушылардың ғылыми ізденіске қызығушылығы да жоғары. Атап айтсақ, «Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ Абигерова Д.С., Амантай Н., Капсихқызы Д., «Аударма ісі» БББ Социалова М.Е., Қажат Д.С., «Шетел филологиясы» БББ Жузжасарова Д.А., Сериккалиева А.Ж., Даулеткалиева Ш.Е. т.б.. Осы студенттер республикалық ғылыми байқауларда үздік нәтижелер көрсетіп, факультеттің ғылымдағы дәстүрін табысты жалғастырып келеді.
Осылайша, филология факультеті – заманауи ғылым мен сапалы білімді ұштастырған, халықаралық ғылыми байланыстары нығайған, жас ғалымдарды қолдауға басымдық беретін қарқынды дамып келе жатқан ғылыми орта.
