
Студенттік өмір

Студенттердің өмірі туралы
Өмірдегі ең қызық кезең студенттік кезең. Қызығы мен қоса шыжығы қатар жүретін бұл кезеңде талай жастар болашақ өмірін айқындап, кәсіби маман, елшіл азамат болып қалыптасады.
Факультетіміздің студенттік өмірі унивесритетіміздің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу үдерістерімен біте қайнасып жатыр. Білім алушылардың қоғамдық өмірін қамтитын тәрбиелік мақсатта жұмыс жасайтын бірнеше студенттік ұйымдар бар. Солардың қатарында “Алқа” әдеби сазды клубы, “Лағыл” қыздар клубы, «Абай әлеміне саяхат» клубы, «Парасат» пікірсайыс клубы, «Students’ Club of Foreign Language», «21 ғасыр лингвисттері» клубы, «Hanyu ba» клубы, “Жас Отан” жастар қанаты, Жастар саяси орталығы, “Топ көшбасшылары”, “Шаңырақ” театры, “Дала сазы” ансамбілдерінің шығармашылық ізденістері ерекше аталады. Олар республикалық және халықаралық сахналарда өнер көрсетіп, қазақ өнерін шетелге кеңінен таныстырып келеді.
Факультетте белсенді студенттер саны басым болғандықтан әр-түрлі бағытта жұмыс жасайтын студенттік ұйымдар бар. Қазіргі таңда факультетте 13 клуб жұмыс жасайды. Студенттердің қызығушылықтарына сәйкес қатыса алатын университеттік Жастар Орталығы, Өнер орталығы, «Самұрық» би мектебі, «Шаңырақ» театры секілді ұйымдар да бар. Сонымен қатар, барлық студенттер үшін әскери кафедрада білім алу мүмкіндігі, мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін арнайы жеңілдіктер мен әр-түрлі көмек түрлері қарастырылған.
Клубтар тізімі:
- Жастар рухы ЖҚ
- Алқа
- Лағыл
- «Парасат» дебат клубы
- Асыл мұра
- Students’ club of FL
- Абай әлеміне саяхат
- «Иностранный язык для решения практических задач» ғылыми клубы
- Жас ғалым
- Живое слово
- Ха ню ба
- Жас аудармашы
- ХХІ ғасыр лингвисттері




