
Тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу
Мемлекеттік білім беру грантын өтеу туралы
2022 жылдың 5 желтоқсан күні университетіміздің Оқу-зерттеу ғимаратының конференц-залында Факультет бойынша өткізілген түлектердің мемлекеттік білім беру грантын өтеу ережесімен таныстыруға арналған жиналысқа қазақ тіл білімі кафедрасы бойынша 7М02305 – «Қазақ филологиясы», 7М01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 8D02305 – «Филология», 8D01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының түлектері, кафедра бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы жұмысына жауапты С.С.Шоқабаева да қатысты. Жиналысты университеттің Карьера және бизнестік әріптестік бөлімінің бас маманы Түспекова Зәмзәгүл Жораевна өткізді.
Жиналыс соңында түлектер сұрақтар қойып, Карьера және бизнестік әріптестік бөлімінің бас маманы Түспекова Зәмзәгүл Жораевна сұрақтарға толық жауап берді.

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2023»
2023 жылдың 28 сәуірі күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Бас ғимаратының атриумында өткен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2023» іс-шарасына қазақ тіл білімі кафедрасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы “Тіл – қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы Искакова Жазира Махсутовна және Құқықтық және кадр жұсысы басқармасының кадр инспекторы Сулейменова Балхия Абильтаевна, “EPSILON” білім беру орталығының директоры Алмагүл Семейханқызы және Қазақ тіл білімі кафедрасы бойынша Түлектердің жұмысқа орналасуы жұмысына жауапты оқытушыС.С.Шоқабаева қатысты. 3 магистрант, 7 студент сұхбатқа қатысты. Ұсынылған бос орын саны – 4.

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2023»
2023 жылдың 24 қазаны күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Бас ғимаратының атриумында өткен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2023» іс-шарасына қазақ тіл білімі кафедрасы бойынша “Достық” білім беру орталығының оқу жөнінен директор орынбасарлары Бексұлтан Кабышев, Еркебұлан Жақатай, “TODAY” білім беру орталығының кадрларды іріктеу жөніндегі менеждер Мадина Қуанышева және Қазақ тіл білімі кафедрасы бойынша Түлектердің жұмысқа орналасуы жұмысына жауапты оқытушы С.С.Шоқабаева қатысты. Ұсынылған бос орын саны – 2.

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2024»
2024 жылдың 19 cәуірі күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Бас ғимаратының атриумында өткен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2024» іс-шарасына қазақ тіл білімі кафедрасы бойынша Астана қаласындағы № 42 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Турсынбекова Ляйла Раушанбековна, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының координаторы Айтказина Аружан Санатбекқызы, «SABDIN» білім беру орталығының атқарушы директоры Шайсултанова Ботагоз Саиновна және Қазақ әдебиеті кафедрасы бойынша Түлектердің жұмысқа орналасуы жұмысына жауапты оқытушы Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы, Қазақ тіл білімі кафедрасы бойынша Түлектердің жұмысқа орналасуы жұмысына жауапты оқытушы Шоқабаева Салтанат Сағатқызы, Қазақ тіл білімі және Қазақ әдебиеті кафедраларының 2024 жылғы түлектері де қатысты. Ұсынылған бос орын саны – 2.

Кәсіптік практика (бакалавриат) 2023-2024
Кәсіптік практика (магистратура) 2023-2024
Кәсіптік практика (докторантура) 2023-2024
