
Кафедра меңгерушісі

БИБЕКОВ ҚАНЫШ ТЛЕУЖАНҰЛЫ
Кафедра меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты
e-mail: bibekov_kt@enu.kz
Жұмыс тел.: +7 (7172) 709500 (ішкі 32-206)
Бибеков Қаныш Тлеужанұлы 1996-1999 жж. Абай атындағы АлМУ қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасында аспирантурада оқыды. 2003ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2003-2008 жж. М.О. Әуезов атындағы Семей университетінде қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, 2009-2013жж. аралығында Семей мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2013 жылы "Назарбаев орталығының" мемлекеттілік негіздері және қауіпсіздік мәселелері институтының бас ғылыми қызметкер болды. 2014 жылдан "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығында эксперт қызметінде бағалаушы эксперт болып жұмыс істеді. 2024 жылы қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.
Екі оқу құралы мен монографиясы, 200-ге тарта ғылыми мақалалары жарық көрген. «Шәкәрім» энциклопедиясының жетекші редакторларының бірі, «Үздік оқытушы» грантының иегері. ҚР Ғылым және білім министірлігінің алғысы, құрмет грамотасы, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
