
Материалдық-техникалық база
Білім алу үдерісін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын ресурстар жеткілікті және жүзеге асырылатын бағдарламаның талаптарына сәйкес келеді. Оқу үдерісінде академик М.С.Серғалиев дәрісханасы (ауд. 203) атаулы кабинет пайдаланылады. Бұл атаулы кабинет барлық техникалық құралдармен (1 компьютер, 1 интерактивті тақта) жабдықталған.
Кафедрада 12 монитор, 12 системный блок, 1 сканер, 1 ксерокс, 3 принтер, 1 проектор бар.
6В02305 – «Филология: қазақ тілі», 6В01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша студенттердің білім алу үдерісін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын ресурстар жеткілікті және жүзеге асырылатын бағдарламаның талаптарына сәйкес келеді.
Білім алушыларды қолдау мақсатында оқытушылар дайындайтын пәннің оқу-әдістемелік кешендері университеттің «Платонус» білім порталына жүктеледі. Студенттер жеке кабинеттері арқылы ПОӘК-пен танысып, оқу үдерісінде пайдаланады. Бұл оқу ресустарына толық қолжетімлікті қамтамасыз етіп отыр.
Білім алушылар мамандықтың типтік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогының негізінде «Платонус» порталы арқылы пән таңдау құқығына ие болып отыр. Соның негізінде студенттердің жеке оқу жоспарлары да «Платонус» білім порталында түзіледі. Бұл да қазіргі заман талабына қарай электронды түрде жүзеге асады.
Білім алушылардың кітаппен қамтамасыз етілуі талапқа сай. Жалпы кітап саны 15015, ал білім алушылар саны 335. 1 білім алушыға есептегенде кітаппен қамтамасыз етілуі 44 дананы құрайды. Ал электронды оқулықтар 1 студентке шаққанда 42 данадан келеді.
Университет кітапханасында қажетті әдебиетті жылдам тауып алуға көмектесетін және жекелеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдардың электронды нұсқасын алуды қамтамасыз ететін электронды каталог жұмыс істейді.
ЕҰУ-да SciVal Funding ( №1-8206843255, 01.03.2015 ж. келімісшарт, №1-10541887330, 01.03.2016ж. қосымша келісімшарт) жүйесі ашылды. Бұл жүйе 5 000-нан астам шетелдік гранттардың бөлінгені жөніндегі ақпаратты қолжетімді етіп, маңызды зерттеулер мен жобаларды анықтауға және халықаралық грантқа үміткер болуға мол мүмкіндіктер ашады.
Оқу үдерісі білім беру бағдарламасы бойынша түлектер дайындайтын кафедраларға бекітілген атаулы кабинеттерде өткізіледі: Абай дәрісханасы (ауд. 321), Ә.Шәріпов дәрісханасы (ауд.323), А.Байтұрсынұлы аудиториясы (ауд. 220), академик М.С.Серғалиев дәрісханасы (ауд. 203), Р.Нұрғали аудиториясы (ауд. 218). Бұл кабинеттер барлық техникалық құралдармен (компьютерлер, проекторлар, мультимедиялық техника) жабдықталған. Әр кабинет құралдар, компьютерлік техника, стендтер, ғылыми және оқу әдебиеті мен тағы басқалар көрсетілген паспорттармен қамтамасыз етілген.
Барлық электронды оқу басылымдары заманауи талаптарға жауап береді, веб-сәйкестендірілген және университеттің білім беру порталына салынған (www.enu.kz), сол арқылы корпоративті желі мен Интернет желісінде жұмыс істеу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Сонымен қатар білім беру бағдарламасына қажет электронды оқулықтар (ЦББР) да жарық көріп, патент, авторлық куәліктер саны артты.
Білім беру үдерісіне пайдаланатын және білім беру қызметін басқаруда қолданылатын компьютерлердің барлығы желімен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, студенттік үйдің әрбір бөлмесі Интернетке қосылған, №5 студенттік үй Wi-Fi-мен қамтылған.
