
Жетістіктер
Қазақ тіл білімі кафедрасының жетістіктері
Қазақ тіл білімі кафедрасы әзірлеген білім беру бағдарламалары кәсіби қауымдастық пен жұмыс берушілер тарапынан жоғары бағаланып келеді. Жыл сайын мыңдаған талапкер Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология бағытындағы мамандықтарына оқуға түсуді мақсат етеді.
Кафедра әзірлеген «6B02305 – Қазақ филологиясы» және «7M02305 – Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламалары АРТА тәуелсіз рейтингінде 2023 және 2024 жылдары 1-орынды иеленді. Сонымен қатар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингі бойынша да 2024 жылы республика деңгейінде бірінші орынға ие болды. Ал халықаралық QS пәндік рейтингісінде «Лингвистика» бағыты бойынша Еуразия ұлттық университеті 2024 жылы әлемдік деңгейде 101-орынды иеленді.
Кафедра студенттері ғылыми және шығармашылық белсенділігімен де ерекшеленеді. Оқытушылардың жетекшілігімен студенттер республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Мәселен, Сүлеймен Демирел университетінде өткен «6В037 – Филология (қазақ)» бағыты бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадада Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ командасы жүлделі 2-орынды иеленді. Команда құрамында 4-курс студенті Жолдыбай Алтай және 3-курс студенттері Өркенқызы Аяулым мен Құмар Алтын болды. Команданы PhD докторы Кенжалин Қуанышбек Кәрімұлы жетекшілік етті.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы да өздерінің ғылыми және педагогикалық жетістіктері үшін түрлі деңгейдегі марапаттарға ие. Атап айтқанда, профессор Ж.А. Жакупов – «Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегері, ал профессорлар Г. Сағидолда, Ш. Қапантайқызы, Қ.Қ. Сарекенова, Қ.Т. Бибеков – «ЖОО үздік оқытушысы» грантының лауреаттары.
2025 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан кафедра профессорлары Г.Б. Мамаева мен Г.О. Сыздықова «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ профессорлар Б. Әбдуәлиұлы, Қ. Сарекенова, А. Бейсенбай «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісінің иегерлері атанды. Ал ҚР Оқу-ағарту министрлігі профессор Ш. Қапантайқызын «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттады.
