
Ғылыми жұмыс
Қазақ тіл білімі кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы «Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы мен дамуы, оның зерттелуі және қолдану мәдениеті» атты кешенді бағытты қамтиды. Бұл бағытта кафедра оқытушы-профессорлар құрамы қазақ тілінің грамматикасы, тіл тарихы, тіл мәдениеті, функционалдық стильдер мен олардың коммуникативтік сипаты, танымдық тіл теориясы, корпустық лингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика және қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері бойынша жүйелі зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Кафедрада қазақ тіл білімінің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми семинар жүйелі өткізіліп тұрады. Сондай-ақ студенттердің (ХХІ ғасыр лингвистері» үйірмесі (жетекшісі ф.ғ.к., доцент Өмірбекова Ж.Қ.) жұмыс істейді.
Кафедра тарапынан республикалық, халықаралық деңгейде конференциялар, симпозиум, конгрестер ұйымдастырылып тұрады.
Кафедра мүшелерінің тікелей қатысуымен және ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде қазақ тіл білімінің ғылыми негізін салушы, ағартушы, алаш қайраткері А.Байтұрсынұлына арналған дәстүрлі «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізіліп тұрады. Конференция жұмысына отандық ғалымдармен қоса, Түркиядан, Германиядан, Ресейден белгілі ғалымдар, ахметтану ілімімен айналысатын зиялы қауым өкілдері, Астана жұртшылығы, студенттер, докторанттар, магистранттар қатысады.
| Көрсеткіштер |
2020 |
2021 |
2022 |
|
| 1 |
ОПҚ жарияланымдарының жалпы саны: соның ішінде Thomson Reuters пен Scopus-та |
4 | 6 | 6 |
| 2 | Thomson Reuters и в Scopus қорларына енгізілмеген журналдарға мақаласы жарияланған ОПҚ үлесі ( %) | 81 | 85 | 91 |
| 3 | ҚР өткізілген конференциялар жинағындағы ғылыми жарияланымдар: | 52 | 56 | 40 |
| 4 | Кафедраның ұйымдастыруымен өткізілген ғылыми іс-шаралардың саны | 9 | 13 | 11 |
| 5 |
Білім алушылар жарияланымдарының жалпы саны |
83 | 83 | 84 |
| 6 |
Ғылыми жобалардың республикалық және халықаралық конкурстарында жеңген білім алушылардың жалпы саны:
|
24 | 23 | 25 |
| 7 | Университеттермен және ғылыми орталықтармен жасалған халықаралық ғылыми-техникалық әріптестік туралы жасасқан шарттардың саны | 1 | 1 | 1 |
2019 жылға қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы және білім беру жобаларына қатысатын профессорлық-оқытушылық құрамның үлесі жалпы санның 53% құрайды.
2020 жылы Сәрсеке Гүлнәр Әдебиетқызы байқауға қатысып, Мэриленд университетінде (АҚШ) шақырылған ғалым, тіл білімі маманы атанды.
Кафедра бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға 3 өтінім берілді.
2020-2022 жылдарға арналған конкурсқа 2 өтінім (27 ай):
1. Қазақ тілінің тарихи сөздігі (Жетекшісі: PhD Қ.К.Кенжалин);
2. Мемлекеттік тілдің ақпараттық-мәдени кеңістігін көптілділік жағдайында кеңейту. (Жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қ.Қ.Сарекенова);
2021-2023 жылдарға арналған конкурсқа 1 өтінім:
1. Қазақ лексикографиясының жаңа бағыттары: заманауи көптілді сөздіктер түзудің теориялық және практикалық мәселелері (Жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Г.Сағидолда).
Қазір кафедра ғалымдары мемлекеттік гранттық қаржыландыру аясында 9 ғылыми жобаны жүзеге асыруда:
- «Жоғалып бара жатқан түркі тілдерін пәнаралық тұрғыдан зерттеу: Монғолиядағы хотон этнотобы» – жоба жетекшісі проф. Ж.А. Жакупов;
- «Қазақ жастарының этномәдени санасының тілдік көріністері» – жетекшісі доцент М.К. Ахметова;
- «Қазақ тілі мен әдебиетін құндылық бағдарлы оқытудың инновациялық технологиясы» – жетекшісі проф. Ш. Қапантайқызы;
- «Цифрлық гуманитарлық ғылымдар: академиялық қазақ тілінің корпусын жасау» – жетекшісі проф. Г. Сәрсеке;
- «Қазақ есімдерін цифрлық платформа аясына жинақтау және жаңа технологияларға бейімдеу» – жетекшісі проф. Б. Әбдуәліұлы;
- «Табиғат – Адам – Тұрмыс» үштігі тілдік репрезентациясының этномәдени кодтары мен когнитивтік құрылымдары (қазақ және басқа түркі тілдеріндегі тұрмыстық лексика бойынша салыстырмалы талдау) – жетекшісі проф. Г. Сағидолда;
- «Фольклорлық мәтіндер корпусы: қазақ тілін цифрландырудағы лингвистикалық және ІТ шешімдер» – жетекшісі проф. Қ. Сәрекенова.
Сонымен қатар, «Жас ғалым» жобасы аясында екі жас зерттеуші гранттық қаржыландырумен зерттеу жүргізуде:
- Балтабай Д. Этимологический тезариус словарь произведения «Шежире-и-теракнаме», Жанжигитов С. – «Заңгерлердің лингвоконфликтологиялық құзыреттілігін дамытудың педагогикалық моделі» (жоба «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында жүзеге асырылуда).
Кафедра оқытушыларының барлығы ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысып, 100 пайыз ғылыми жұмыспен айналысады.
Кафедра ғалымдарының зерттеу нәтижелері Web of Science, Scopus және басқа да халықаралық библиометриялық мәліметтер базасына енетін журналдарда тұрақты түрде жарияланып келеді. 2024 жылы кафедра оқытушыларының 9 мақаласы Scopus базасындағы журналдарда жарық көрді.
Сондай-ақ 2024 жылы кафедра докторантурасының 6 түлегі, ал 2025 жылы 11 түлегі докторлық диссертацияларын сәтті қорғап, бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында және ғылыми-зерттеу орталықтарында табысты еңбек етіп жатыр.
