
Шетел тілдері кафедрасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аталмыш университет құрылғаннан бері жұмыс істейді. 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 544 бұйрыққа сәйкес жаратылыстану мамандықтары бойынша шетел тілдері кафедрасы және гуманитарлық ғылымдар бойынша шетел тілдері кафедрасы құрылды.

Кафедра шет тілдерін оқыту саласында жетекші мамандар болып табылатын жоғары білікті басшылықты талап ететін көптеген өзгерістер мен қайта құруларды басынан өткерді:
- доцент Кемелева Раушан Біргебайқызы (1996 -2006): жаратылыстану мамандықтары бойынша шетел тілдері кафедрасы;
- доцент Савенкова Нина Андрейқызы (1996 - 2006): гуманитарлық ғылымдар бойынша шетел тілдері кафедрасы;
- доцент Аубакирова Айман Қайрлықызы (2006 - 2008): шетел тілдері кафедрасы (практикалық ағылшын тілі және практикалық неміс және француз тілдері кафедрасы біріктірілген);
- п.ғ.к. Түсіпова Гүлден Қабдрашқызы (2008 - 2012): шетел тілдері кафедрасы.
- п.ғ.к., доцент Сағымбаева Жаннат Елемесқызы (2012 - 2024): шетел тілдері кафедрасы.

PhD докторы, қауымдастырылған профессор Балхимбекова Перизат Жанатқызы 2024 жылдың 1 қараша күнінен бастап кафедраны басқарады.
Университеттің үнемі өзгеруіне сәйкес, болашақ маманның кәсіби қызмет құралы ретінде шет тілін пайдалана отырып, өзінің кәсіби қызметін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тілдік, кәсіби бағдарланған, әлеуметтік-мәдени, коммуникативтік және танымдық құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша кафедраның алдына маңызды міндеттер қойылды.
Миссияға сәйкес: Ғылыми зерттеулерді жүргізуді және алдыңғы қатарлы білімді игеруді экономиканың басым секторларын дамыту үшін шет тілін меңгерген мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін, мемлекет пен қоғам алдында өз қызметінің нәтижелері үшін жауапты филология факультетінің жетекші құрылымдық білім беру бөліміне айналу, осыған байланысты кафедра ең алдымен өзінің алдына тиісті мақсаттарі қояды:
- қызметкерлер құрамының кәсіби деңгейін көтеру;
- жоғары оқу орындарында шет тілін оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын тиімді және жоғары сапалы білім беру жүйесін қалыптастыру;
- ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ресейлік және халықаралық ақпараттық кеңістікте насихаттау және танымал ету арқылы ғылыми саланы дамытуға жәрдемдесу;
- кәсіби қарым-қатынастарды ұлттық және халықаралық деңгейлерде дамыту және нығайту;
- оқытушылар мен студенттердің алмасуы үшін бірлескен білім шарттарын кеңейту.
Шетел тілдері кафедрасы- оқытушылар саны бойынша университеттің ең ірі кафедраларының бірі, ол Жалпыеуропалық шет тілдерін меңгеру деңгейіне сәйкес ағылшын тілінде келесі пәндерді оқытады:
- «Шетел тілі 1»,
- «Шетел тілі 2»,
- «Ауызша және жазбаша сөйлеу практикасы»,
- «Ғылыми-техникалық аударма практикасы»,
- «Француз тілі»,
- «Шетел тілі (кәсіби)» (магистратура бағдарламаларына арналған).
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы шет тілін оқыту қызметінің ауқымды көлемін филология, физика –техникалық, сәулет және құрылыс, экономика, механика және математика, көлік және энергетика, ақпараттық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары факультеттерінің тілдік емес мамандықтарында атқарады. Кафедрада PhD-лары, педагогика және филология ғылымдарының кандидаттары, доценттер, аға оқытушылар, ғылым магистрлері болып табылатын, білікті мамандар жұмыс істейді: Устелимова Наталья Анатолийқызы, Тусупова Гүлден Қабдрашқызы, Қасымбекова Нуриля Сабетханқызы, Мухтарханова Айнагуль Мадиқызы, Құрманаева Дина Қасымбекқызы, Тусупбекова Мадина Жамбырбайқызы, Балхимбекова Перизат Жанатқызы, Тажитова Гульжахан Зарубаевна, Касбаева Гүлназ Серікқызы, Шахпутова Зухра Хаджимуратовна және басқалары.
Ұжымның біріктірілген күш-жігерінің нәтижесінде студенттердің танымдық белсенділігін басқару қызметін орындайтын жаңа буынның әдістемелік материалдары құрылды. Оқытушылар кәсіби қарым-қатынас тілін оқытуда заманауи әдістемелік әдістерге және жаңа білім беру технологияларына көп көңіл бөледі. Әр түрлі әдістемелік және ақпараттық технологияларды (мини-конференция, жобалау технологиясы, танымдық технологиялар, «дөңгелек үстелдер» форматы, оқу дебаттары, презентациялар, іскерлік және рөлдік ойындар және т.б.,) енгізу арқылы оқу үдерісін оңтайландыру қарым-қатынас және кәсіби құзыреттерді жетілдіруге, студенттердің шығармашылық қабілеттерін неғұрлым толық жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосады. Сонымен қатар, кафедра, дәстүрлі «Мені оқытады» парадигмасының орнына жаңа «Мен оқимын» тілдік білім парадигмасын жүзеге асыра алды.
Әрине, осындай нәтижелер кәсіби шет тілін оқытудың тиімділігіне үлкен әсер еткен және әлемдік тәжірибеге сәйкес келетін оқыту әдістерінің және технологиялардың дамуын талап етті:
- Microsoft Teams, Google Classroom, Facebook және т.б. сандық платформалары;
- мамандықтар мен ғылымның әр түрлі салалары бойынша он-лайн мәтіндік ресурстар (corpora);
- он-лайн талқылаулар, тапсыриаларды бірлесіп орындау;
- Padlet, Nearpods, Quizziz, Quizlet, Edpuzzle және т.б. мобильдік қосымшалар;
- цифрлық білім беру бағдарламалары;
- кейстерді шешу,
- жобалар және т.б.

Осының нәтижесін :
- ірі ұлттық және халықаралық конгресстерге, конференцияларға;
- академиялық ұтқырлық бағдарламаларына;
- алмасу және қосарлы білім беру бағдарламаларына - (шет тілдерінде) қатысушы студенттер санының артуынан көруге болады.
Студенттік басылымдар мен Халықаралық пәндік олимпиадалардағы жүлделі орындар саны артты. Осылайша, біздің кафедра тарапынан жүзеге асырылатын тілдік кәсіби бағдарланған оқыту Л.Гумилев атындағы ЕҰУ түлектеріне деген сұраныстың өсуіне, шетел студенттерінің санының көбеюіне, университеттің QS World University рейтингісіндегі тұрақты позицияға иеленуіне, халықаралық деңгейде танылған ғылыми журналдарда жарияланымдардың өсуіне айтарлықтай үлес қосты деп айтуға болады.
Кафедра негізгі ғылыми зерттеулерді шет тілдерін оқыту әдістемесі, инновациялық әдістерді қолдану және кәсіби бағдарланған тілдік дайындықты дамыту саласында жүргізеді. Тиісінше, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелері келесі елдердің журналдары мен конференцияларының басылымдарында көрініс табады: Германия (Фрайбург), Ұлыбритания (Лондон, Шеффилд), АҚШ (Нью-Йорк, Норт-Чарлстон), ОАЭ (Дубай), Япония (Осака), Франция (Экс-ан-Прованс), Болгария (София), Австрия (Вена), Украина (Киев), Канада (Вествуд), Ресей (Санкт-Петербург, Екатеринбург, Магадан, Тамбов, Мәскеу, Челябинск, Казань, Стерлитамак, Махачкала, Барнаул), Белоруссия (Минск), Польша, Кипр, Қырғызстан, Өзбекстан.
Сонымен қатар, біліктілікті көтеру курстары, ғылыми тағылымдамалардан төмендегі елдерден өту үшін кафедра жүйелі түрде республикалық және халықаралық стипендиялар иегері атанады (Болашак, Өрлеу, Ерасмус Мундус, Ерасмус+, Гёте Институтының ДААД гранттары жәнге т.б..),:
- Ұлыбритания (Кэмбридж қ., Эксетер қ., Рединг қ.);
- АҚШ (Миннесота);
- Германия (Берлин қ., Мюнхен қ., Геттинген қ., Майндағы Франкфурт қ.);
- Швеция (Упсала қ.);
- Нидерланд (Лейден қ.);
- Индия (Ноида қ.);
- Испания (Кадис қ. Бильбао қ.);
- Польша (Варшава қ.);
- Ресей (Омбы қ.).
