
Ғылыми жұмыс

Шетел тілдері кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы:
- шетел филологиясы;
- салыстырмалы және салғастырмалы лингвистика;
- лингводидактика;
- жаңа ақпараттық технологиялар қолданысы;
- көптілділік және мідениетаралық қарым-қатынас бойынша теориялық және практикалық мәселелерді зерттеуге бағытталған.
Берілген тақырыптар кафедрасының оқытушылар құрамы үшін гранттық жобалар мен жеке зерттеулердің шеңберіндегі негізгі тақырыптар болып табылады, олардың нәтижесі ретінде шетелдік ғылыми журналдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған журналдарда жарияланған мақалалар бар.
Кафедраның ғылыми жұмысының жоғары көрсеткіші оқытушылардың докторантураға түсуі және докторлық диссертацилардың (Құрманаева Д.Қ., Балхимбекова П.Ж., Тажитова З.Х., Қасбаева Г.С., Шахпутова З.Х., Садықова А.Қ., Альжанова А.О., Сүлейменова Ж.А., Балтынова А.Ш.) табысты қорғауы; педагогика және филология ғылымдарының кандидаты (Мұхтарханова А.М., Тусупова Г.К., Устелимова Н.А., Аубакирова А.К., Оспанова Ф.А., Қызырова А.М.) ғылыми дәрежелерінің берілуі.
Кафедрада профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігі мен ғылыми тағылымдамасына көп көңіл бөлінеді. Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары өздерінің кәсіби дейгейін үнемі жетілдіріп, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсене қатысады, халықаралық конференцияларға мақалаларымен қатысады. Қазақстанда және шетелде (Ресей, Португалия, Испания, Түркия, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Польша) тілдік тағылымдамадан өтеді.
2020 жылы кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы бірнеше жобаларға қатысты: Сагимбаева Д.Е. доцент, п.ғ.к. - орта білімді жаңғырту жобасы (Дүниежүзілік банк – ҚР БҒМ), оқулықтарға қойылатын талаптарды әзірлеу бойынша сарапшы; Түсіпбекова М.Ж. асс. профессор, ф.ғ.к. - «Қазақстан Республикасының көптілді білім беру жағдайында жаңа үлгідегі кәсіби көптілді тұлғаны қалыптастыру», Республикалық жобаның қатысушысы; Нұрпейсова А.Х., магистр, аға оқытушы – «SMARTCITY: Smart Cities Technologies магистратура бағдарламасына инновациялық көзқарас», ағылшын тілінде Lego Mindstorms EV3 бағдарламалау бойынша зертханалық семинардың бірлескен авторы; Сұлтан Д.Г., магистр, аға оқытушы – педагогикалық білім беруді жаңғырту (Дүниежүзілік банк – ҚР БҒМ), жоғары оқу орындары бойынша үйлестіруші.
Кафедрада жоғары мектептегі тілдік емес мамандықтар студенттеріне шетел тілдерін оқытудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізіледі. Осы мәселелерге қызығушылықтың артуына байланысты кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарлары жаңа жоғары оқу орындары аралық деңгейге жетті. Сонымен қатар, кафедрада жыл сайын халықаралық әдістемелік семинарлар өткізіледі.
2020 жылы Microsoft Teams платформасында «Becoming a better teacher: exploring professional development» халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарында Альба-Юлия Университінің докторы Габриель Барбулет «1 желтоқсан 1918» (Альба-Юлия, Румыния) «The role of the English teacher in a global society» тақырыбында сөз сөйледі. 2021 жылы Эксетер Университетінің профессоры (Англия) Дебра Михелмен бірге «Writing for publication» тақырыбында ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өткізілді.

2022 жылы Microsoft Teams платформасында "Collaboration & Publication" тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Осы семинарда Миннесота университетінің профессоры, АҚШ Сюзан Джонс және АҚШ-тың осы университетінде ғылыми тағылымдамада жүрген, шетел тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры М.Ж. Түсіпбекова қатысты. 2023 жылы «Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинарының отырысында Джеффри Стир «Adaptive Learning Systems» тақырыбы бойынша баяндама оқыды. Оған қоса, "Guided discovery teaching style" тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік семинарда Корпоративтік оқу орталығының директоры, Prime Plus education UK өкілі Dr. Joseph Sheikh ат салысып, өз тәжірибесімен бөлісті.

2024 жылы "Internship Insights and Research Perspectives: Engaging with Michigan State Univerisity" атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізіліп, семинарға АҚШ-тың Мичиган Университетінің Лингвистика, тіл және мәдениет кафедрасының доценті, PhD докторы Филипп Монтгомери "Publishing with Purpose: Aligning, Engaging, Targeting Your Research" тақырыбында сөз сөйлеп, доценттер Құрманаева Д.Қ. мен Мұхтарханова А.М. "500 ғалым" атты Болашақ бағдарламасы аясында Мичиган университетінде өткен тағылымдамалары туралы бөлісті.

2025 жылы қаңтарда “Effective Teaching Methodologies in Foreign Languages Classrooms” тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар аясында Түркияның Карабүк университетінің профессоры Асим Айдын қатысып, өз университетін және Батыс тілдері мен әдебиеті кафедрасын таныстырды.

2025 жылы желтоқсан айында филология факультеті шетел тілдері кафедрасының «Шетел тілдерін оқыту әдістемесіндегі заманауи бағыттар мен аспектілерді зерттеу» атты ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Семинар алғаш рет ағылшын, француз және неміс тілдерінде ұйымдастырылды. Семинар барысында шетел тілдерін оқытудағы интегративті әдістемелік тәсілдер мен практикалық стратегиялар, академиялық жазылымда чек-листтерді қолдану, француз тілін ағылшын тілімен салыстыра оқыту және неміс тілі сабақтарында мотивацияны арттыру мәселелері талқыланды. Семинарға келесі қонақтар қатысты: Закирова Алма Булатқызы — ғылыми бөлімнің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры, Бижкенова Айгүл Ермекқызы — филология ғылымдарының докторы, филология факультетінің шетел филологиясы кафедрасының профессоры, Мигель Триго Нарбано — халықаралық қатынастар факультетінің испан тілі оқытушысы, ағылшын, француз, неміс және итальян тілдерін меңгерген полиглот, Байғожина Жанар Манатбекқызы — халықаралық қатынастар факультетінің шетел тілдері кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ерғалиева Күнсұлу Оңғарқызы — халықаралық қатынастар факультетінің шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы.

Алғаш рет 2025 жылы «Тіл оқытудың инновациялық тәсілдері: теория мен практиканы ұштастыру» тақырыбында кафедраның серіктес университеттері арасында I Көктемгі Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырды. Шетел тілдері кафедрасының серіктес университеттерінің өкілдері баяндамалар жасады: Нью-Йорк Тирана университетінің ректоры, PhD, профессор Али Гюнеш (Албания), Қарабюк мемлекеттік университеті, ағылшын тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры Асим Айдын, Карабюк мемлекеттік университетінің профессорлары Мустафа Қанли, Өмер Өздемир (Түркия), педагогика ғылымдарының кандидаты, Югор мемлекеттік университетінің доценті Светлана Валентиновна Владимирова (Ханты-Мансийск, Ресей), Ош мемлекеттік университетінің доценті Сонаим Исмаиловна Кочконбаева (Қырғызстан). Бірлесіп атқарған жұмыс нәтижесінде, серіктес университеттерінің өкілдері, біздің оқытушыларымыздың және студенттердің жұмыстары конференция жинағында басылып шығарылды. (Конференция жинағына сілтеме)

Сонымен қатар, қаумд.профессор Түсіпбекова М.Ж., PhD бастауымен жыл сайын тілдік емес мамандықтар арасындағы "Project Fest" ғылыми жобалар сайысы өтуде. Бұл семинарда университеттің түрлі факультеттерден студенттер қатысуда және осындай форматтағы болып жатқан сайыстың қаншалықты пайдалы да қызықты екенін атап өтуде. Қазылар алқасының мүшесі ретінде басқа да қазақстандық университеттерден келген қонақтар мен шетелдік сарапшылар шақырылады. Олардың қатарында Энтони Кушьери – Онлайн білім беру орталығының оқытушысы (Австралия), Әкімханова Әлия (Астана халықаралық университеті), Қантаева Гүлнұр (Астана халықаралық университеті), Окафор Эммануэль Эмека – құрылыс магистрі, құрылыс және сәулет факультеті (Нигерия) сияқты сарапшылар болды.

Кафедрада ЖОО тілдік емес мамандықтарының студенттеріне арналған шет тілдері бойынша олимпиадаларды жыл сайын өткізеді, сондай-ақ кафедра оқытушылары шет тілдерінде дөңгелек үстелдер, әндер мен өлеңдер, шешендік өнер конкурстарын, тілдерін оқып отырған елдер жөніндегі білім бойынша викториналар ұйымдастырып отырады.
2021 жылдан бастап әлі күнге дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультеті шетел тілдері кафедрасы лингвистикалық емес білім беру бағдарламаларының 1-2 курс студенттері арасында ағылшын тілінен халықаралық Гумилев онлайн олимпиадасын өткізуде. Халықаралық Гумилев онлайн олимпиадасы жыл сайын маңызды іс-шаралар мен тақырыптарға арналып, өзекті мәселелерді қозғайды. Шетелден шақырылған қонақтарымыз әрдайым ат салысып, қазылар алқасы ретінде өз бағаларын береді. Құрметті қонақтарымыз үнемі біздің студенттеріміздің ақылына тәнті болып, қаншалықты жан-жақты екендерін атап өтеді.
Шақырылған қонақтарды атап айтсақ: Миллер Ю.А., Нұр-Сұлтан қаласындағы «Интерпресс» халықаралық тіл орталығының менеджері, Мохаммед Асад Хан, IELTS (Global Language Training) бойынша сертификатталған тренер, Ұлыбритания; Убака Пресис Спик, EDU Stream шақырылған профессоры, Нигерия; Эжаз Ахмад, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің шақырылған профессоры, Пәкістан; Фатих Томпсон, Назарбаев Университетінің Дайындық зерттеулер орталығының оқытушысы; Гертруда Шотте, доктор, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары кәсіптік зерттеулер докторы (Dr.Prof), Миддлсекс университетінің білім департаменті және т.б.


Жалпы олимпиадаға тек қана біздің университеттің студенттері ғана емес, сонымен бірге, Қазақстандағы, жақын және алыс шетелдердегі жоғары оқу орындарының тілдік емес мамандықтарының студенттері қатысады. Оның ішінде: Астана медицина университеті, Қозыбаев университеті, Воронеж инженерлік технологиялар университеті (Ресей), Әзірбайжан Мемлекеттік кеден комитетінің академиясы (Баку), Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті (Ресей), Югра мемлекеттік университеті (Ресей), Қазақ спорт және туризм академиясы, Ош мемлекеттік университеті (Қырғызстан) және т.б бар.
Кафедра оқытушылары тілдік емес мамандықтарының студенттермен бірге «Практикалық мәселелерді шешуге арналған шет тілі» ғылыми клубының аясында жыл сайын кездесілулер мен көптеген іс-шаралар қарастырылуда. Ғылыми клуб Madinalingua School тіл орталығымен ынтымақтастық орнатты. Мектеп директоры Нұрманова Мадина Рамазанқызы ғылым үйірмесінің мүшелеріне қолдау көрсетіп, спикерлер клубына тегін баруды қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, жыл сайын шетел тілдері кафедрасының оқытушылары ғылыми клубқа қатысатын студенттермен бірге Отырар кітапханасындағы Американдық бұрышқа барып, іш-шараларға қатысуда.

2026 жылғы 5–16 қаңтар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультеті шетел тілдері кафедрасы «Innovations in Language Education» атты қысқы мектебін ұйымдастырды. Іс-шараға оқытушылар, зерттеушілер және студенттер қатысты. Қонақтар қатарында факультет деканы Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы, практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Құлманов Қуандық Сандықбекұлы; аударма теориясы және практикасы кафедрасының меңгерушісі, PhD Акижанова Диана Мұратқызы, орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрғали Қадиша Рустембекқызы; қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Бибеков Қаныш Тлеужанұлы; шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Байдрахманов Досым Хасенұлы. Серіктес университеттерден қонақтар: аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Сарсенова Анар Мадибекқызы, доцент, педагогика ғылымдарының магистрі Давлетова Салтанат Есенғалиевна, Сұлтанова Самал Мурадымовна (А.К. Кусаинов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институт) және аға оқытушы, магистр Жасарова Динара Ғалиасқарқызы (Халықаралық «Астана» университеті).
Қонаққа келген лекторлар: PhD, шетел тілдері факультетінің деканы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел филологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Китибаева Әлфия Қаныбекқызы; PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Аймағамбетова Малика Мұратқызы; педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Жұмағұлова Наталья Станиславовна; Назарбаев Университетінің PhD зерттеушісі Филип Монгомери; РУДН (Москва) өкілі Фелисия Булус; PhD, ЕҰУ Аударма теориясы және практикасы кафедрасы доценті Ескиндирова Маншук Жумабаевна; филология ғылымдарының докторы, профессор Аяпова Танат Танирбердиевна; филология ғылымдарының кандидаты, Воронеж мемлекеттік университеті доценті Пивоварова Елена Леонидовна; филология ғылымдарының кандидаты, Воронеж инженерлік технологиялары университеті доценті Витрук Лидия Юрьевна; Джавархарлал Неру университет профессоры Миню Бхатнагар (Үндістан); Regional Director of Sales, Prime Plus Training (UK) Джозеф Шейх; педагогика ғылымдарының кандидаты, Воронеж мемлекеттік университеті доценті Кузьмина Лариса Григорьевна; филология ғылымдарының докторы, Е.А. Букетов атындағы КарМУ профессоры Букетова Нұрсұлу Ибраевна тәжірибелерімен бөлісті.

Шетел тілдері кафедрасының 2021-2024 жж. ҒЗЖ және СҒЗЖ талдау.

Төменде филология факультеті шетел тілдер кафедрасының ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есептерін көруге болады.
Шетел тілдері кафедрасының 2021 ж. ҒЗЖ және СҒЗЖ есебі
Шетел тілдері кафедрасының 2022 ж. ҒЗЖ жоспары
Шетел тілдері кафедрасының 2022 ж. ҒЗЖ және СҒЗЖ есебі
Шетел тілдері кафедрасының 2023 ж. ҒЗЖ жоспары
Шетел тілдері кафедрасының 2023 ж. ҒЗЖ және СҒЗЖ есебі
