
Кафедра меңгерушісі

БАЛХИМБЕКОВА ПЕРИЗАТ ЖАНАТҚЫЗЫ
Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: PhD
e-mail: balkhimbekova_pzh@enu.kz
жұмыс тел: 8(7172) 709-500 вн. 32-204
Балхимбекова Перизат Жанатқызы 1997 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін ағылшын тілі мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде диссертациялық кеңесте докторлық диссертациясын қорғады.
Anglo-Continental School, Борнмут, Ұлыбритания (2004); Валенсия техникалық университетінде, Валенсия, Испания (2013); Мәскеу мемлекеттік аймақтық университетінде, Мәскеу, Ресей (2016) ғылыми тағылымдамаларынан өтті.
Ғылыми қызығушылықтары: лингвистикалық семантика, корпус лингвистика, семантика саласындағы салыстырмалы зерттеулер, жоғары кәсіби білім сапасы.
40-тан астам ғылыми еңбектердің, сондай-ақ Web of Science және Scopus дерекқорларындағы тіл білімінің өзекті мәселелері, мәдениетаралық коммуникация теориясы мен тәжірибесі бойынша мақалалардың авторы.

«АМАНАТ» партиясының Астана қаласы филиалының облыстық білім беру кеңесінің мүшесі

Сонымен қатар, Балхимбекова П.Ж. Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамының ғылыми хатшысы.

Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, әсіресе Түркиядан келген серіктестермен және Эразмус жобалары аясында белсенді түрде қатысып, өзінің адалдығы, кәсібилігі және осындай бастамалардың маңыздылығын терең түсінуі арқылы білім алмасуға, мәдени түсіністікке және серіктестікті нығайтуға бағытталған негізгі бағдарламаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосуда.
Перизат Жанатқызының табандылығы мен адалдығы ұзақ мерзімді серіктестіктер құрудың, жоғары жетістіктерге жетудің және команданы жаңа мақсаттарға жетуге шабыттандырудың негізі болып табылады. Оның күш-қуаты, мақсатқа жетуге деген құлшынысы ынтымақтастықты нығайтуға және инновациялық тәсілдерді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
