
Жетістіктер
Филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы ғылымға, білімге және тіл мәдениетін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін үнемі жоғары марапаттармен, грамоталармен және медальдармен марапатталады. Оқытушылар байқауларға, ғылыми жобаларға және халықаралық конференцияларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып, әрдайым жоғары кәсіби деңгейін растауда.

2020-2021 ж.ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында шетел тілдері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы бірқатар марапаттарға ие болды. Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Нұрдыбаева Айгүл Қалиқызы, аға оқытушысы Жүсүпова Гаухар Мұсақызы, м.а. доценті, п.ғ.к. Түсіпова Гүлден Кабдрашқызы, п.ғ.к, доцент Түсіпбекова Мадина Жамбырбайқызы, аға оқытушысы Нұрбекова Гулизат Жақсылыққызы, қаумдаст.профессоры, п.ғ.к. Мұхтарханова Айнагүл Мәдиқызы және п.ғ.к., м.а доцент Устелимова Наталья Анатольевна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Еуразия университетіне 25 жыл» медалімен марапатталды.

2021 жылы қараша айында аға оқытушы Ниязбекова Ақмарал Артықпайқызы бастауымен тілдік емес мамандықтың студенттер тобы «Экономика через призму английского языка» атты екінші халықаралық олимпиадасында «За творческий подход при разработке бизнес концепции ресторана» номинациясы бойынша 3 орынға ие болды.

Сондай-ақ, аға оқытушы Дүйшоналиева Бурул Токтошевна Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ректор Е.Б. Сыдықов атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

Аға оқытушылар Жандильдинова Арайлым Мырзаханқызы, Қожахметова Салтанат, Жанаева Жұлдыз Армановна, Мұсабаева Гүлназ Манарқызы, Тусупбекова Нұрлыгүл Сәдуақасқызы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 25 жылдығына арналған тілдік емес мамандықтар бойынша Гумилев атындағы халықаралық онлайн олимпиаданы ұйымдастыруға қосқан ерекше үлесі үшін проректор Е.А. Оңғарбаевтың атынан алғыс хаттар алды.

2022 жылы Педагогика ғылымдарының кандидаты, м.а доцент Мұхтарханова Айнагүл Мәдиқызы ғылым саласындағы мемлекеттік ғылыми стипендияларға байқауға қатысып, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықты ие болды.

Білім беру жүйесін дамытуға және Қазақстан Республикасының ғылым саласына қосқан үлесі үшін п.ғ.к., филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының доценті м.а. Қасымбекова Нұриля Сәбетқанқызы министр С.Нұрбектің атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы бойынша (өмір бойы білім беру) Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасында «Күміс университеттерді» құру механизмін әзірлеу көзделген. Гумилев атындағы ЕҰУ Өмір бойы білім беру тұжырымдамасы аясында «Күміс университет» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Егде жастағы адамдардың әлеуметтік және еңбек белсенділігін, олардың танымдық қабілеттерін, психологиялық және физикалық денсаулығын сақтау, ең бастысы, біздің ойымызша, қоғамда белсенді қартаю моделінің оң көзқарасын қалыптастыру оқу мүмкіндіктерін, оның ішінде технологиялар арқылы білім беруді қамтамасыз ету болып табылады. Күміс университетінде курсты шетел тілдері кафедрасының оқытушылары: доцент м.а Балқымбекова П. Ж., ф.ғ.к Оспанова Ф.А., PhD Балтынова А.Ш., және аға оқытушылар Ватутина Ж. П., Тусупбекова Н. С., Мұсабекова З. С., Бүркітбаева А. Ғ., Мұсабаева Г.М. жүргізді.

Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі қаум.профессор Сағымбаева Жаннат Елемесқызы ғылым мен білім саласына сіңірген еңбегі үшін «Лев Гумилев» медальмен марапатталды.

Шетел тілі кафедрасының PhD, доцент Балхимбекова Перизат Жанатқызы ҚР ғылым жіне білім саласына қосқан ерен еңбегі үшін төсбелгісімен; мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жаңа Қазақстан: білім беру саласының үздігі» атты республикалық байқауына қатысып жеңімпаз атанғаны үшін дипломмен марапатталды.

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы кафедраның аға оқытушысы Нұрдыбаева Айгүл Қалиевнаны жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты республикалық байқауға сарапшы ретінде қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

2023 жылы Кафедраның аға оқытушылары Нұрбекова Гүлизат Жақсылыққызы, Қасымбекова Нұрилә Сабетқанқызы және Мусабаева Гүлназ Манарқызы Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығынан алғыс хатпен марапатталды.

Аға оқытушы Сүлейменова Жазира Азаматовна Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайтуға, кәсіптік практиканы ұйымдастыруға, болашақ кадрларды жұмысқа орналастыруға қосқан үлестері үшін басқарма төрағасы - ректор Е.Б. Сыдықов атынан алғыс хатпен марапатталды.

2024 жылы Түсіпбекова Мадина Жаңбырбаевна жоғары және орта кәсіптік білім беру саласындағы «Зимняя школа преподавателя - 2024» атты біліктілікті арттыру курсында «The efficiency of using improvisation techniques in teaching English on the basis of foreign literature» тақырыбында дәріс оқығаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Аға оқытушы Сүлейменова Жазира Азаматқызы филология факультеті жас оқытушыларының III педагогикалық шеберлік конкурсында 1 орынға, ал Түсіпбекова Нұрлыгүл Садуақасқызы мен Мұсабаева Гүлназ Манарқызы 2 орынға ие болды.

Сағымбаева Жаннат Елемесқызы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ректоры Сыдықов Ерлан Бәтташұлының қолынан "Құрметті кафедра меңгеруші" атты марапатқа ие болды.

“Ғылым және білім берудегі жасанды интеллект” біліктілікті арттыру курсы аясында “Digital ENU” атты байқауында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, PhD Садықова Айгүл Құдайбергенқызы және аға оқытушы Құзар Жанна Нұрланқызы жетекшілік еткен 1 курс студенттері - жүлделі 1 және 2 орынға ие болды.

2025 жылы Тажитова Гульжахан Зарубаевна «Kazakhstan Regions in Focus» атты оқу құралының «Global Scicall: жаңа білімдер қоры» деп аталатын Ұлттық басылымдардың II байқауында әлеуметтік ғылымдар номинациясы бойынша 75 оқулықтың ішінен 2 жүлделі орынға ие болды.

Шетел тілдері кафедрасының п.ғ.к, қауымдастырылған профессор Устелимова Наталья Анатольевна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 25 жыл мінсіз қызметі үшін құрмет медалімен марапатталды.
