
Материалдық-техникалық база
Шетел тілдері кафедрасының профессорлық -оқытушылық құрамы филология, физика-техникалық, сәулет-құрылыс, экономика, механика-математика, көлік - энергетика, ақпараттық технологиялар, жаратылыстану факультеттерінің студенттері мен магистранттарына дәріс береді.
Филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының профессорлық - оқытушылық құрамы оқу әдебиеттерін жаңартуға үлкен көңіл бөледі. Оқу әдебиеттерін сатып алуға арналған өтінімдерді қалыптастыру жыл сайын жүзеге асырылады. Есепті кезең бойынша кафедра «Шет тілі 1,2 (ағылшын, неміс)», «Шет тілі (кәсіби)», «Ғылыми-техникалық аударма практикасы», «Ауызша және жазбаша сөйлеу практикасы», сондай-ақ жекелеген білім беру бағдарламалары үшін таңдау пәні ретінде француз тілі пәндердіоқытуды қамтамасыз ететін өзекті баспа және электрондық оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына ие.
Кафедра қолданыстағы және жаңа білім беру бағдарламаларын ақпараттық тұрғыда қамтамасыз ету мақсатында кітапханалық қорды қалыптастыру және жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Академиялық және кәсіби-бағдарлы шет тілдерін оқыту талаптарына сәйкес келетін заманауи оқу және оқу-әдістемелік материалдарға ерекше назар аударылады. Осыған байланысты кафедраның профессор-оқытушылар құрамы шетелдік баспалармен белсенді ынтымақтастық орнатып, жетекші халықаралық компаниялардың жаңалықтарымен жыл сайын танысып отырады. Кафедраның негізгі серіктестерінің бірі — Inter Press компаниясы болып табылады. Аталған компания Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушыларына арналған жаңа оқу басылымдарының тұсаукесерлерін тұрақты түрде өткізіп, Oxford University Press, Cambridge University Press, Macmillan, Pearson, Garnet, Collins ELT, Hachette, Hueber, Langenscheidt, Berlitz … және т.б. беделді баспалардың өнімдерін ұсынады.

"Garnet" сериясы бойынша «Ағылшын тіліндегі мамандықтар» оқу құралдарымен білім алу әртүрлі сала мамандары үшін жұмыс жағдайында ағылшын тілінде қарым - қатынас дағдыларын жетілдіруге, ағылшын тілінде қажетті коммуникациялық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін жаңа білім беру ресурсы болып табылады. Әртүрлі мамандықтардың кәсіби лексикасын оқытуға арналған арнайы ESAP: English for Specific Academic Purposes сериясынан алынған оқу-әдістемелік құралдар (English for Telecommunications, English for Electrical Engineering, English for Mechanical Engineering, English for Economics, Computer Engineering, Civil Engineering, Automotive Industry, Industrial Engineering, Rail Transportation, Science, Technical English, Economics, Management, Environmental science, ICT).

Негізгі қорды толықтырған кітаптар санына «Шетел тілі 1.2» пәніне арналған А2- В2 деңгейлі «English File» (3,4 басылым) оқулығының соңғы басылымдары, сондай-ақ «Oxford EAP» A2 - C2 деңгейлі оқулықтар сериясы кірді. Бұл кітаптар негізгі курстардан бастап, жоғары оқу орнынан кейінгі зерттеулер кезінде және университет деңгейінде ағылшын тілінде оқуға қажетті дағдылар мен академиялық тілді дамытады. Oxford оқулықтарының шынайы мазмұны мен лекция үзінділерінің бейне жазбалары бар. Oxford EAP кең ауқымды пәндердің студенттері үшін тамаша курс болып табылады.

«Career Path» сериясы бойынша Ағылшын тіліндегі мамандықтар оқу - әдістемелік құралдарына сәйкес оқыту қажетті коммуникациялық дағдыларды меңгеруге, студенттерге төрт негізгі тіл құрамдастарын (оқу, тыңдау, сөйлеу және жазу) жаттықтыруға мүмкіндік береді және кәсіби лексика мен қадамдық нұсқаулары бар контекстті қамтиды. Бұл оқулықтар ішіне мыналар кіреді: Career Paths Computer Engineering, Chemical Engineering, Civil Engineering, Software Engineering, Nuclear Engineering, Electrical Engineering,English for Academic Study: Extended Writing & Research Skills. Алынған жаңа оқулықтар сілтеме бойынша ғылыми кітапхананың сайтында орналастырылған: https://library.enu.kz/MegaPro/Web

Қор түрлі салалардағы түсіндірме және аударма сөздіктердің кең ауқымын, грамматикалық кітаптардың үлкен таңдауын, аудио-видео, шет тілдерін оқыту әдістемесі бойынша әдебиеттер ұсынады. Ағылшын тіліндегі оқу құралдарымен қатар неміс және француз тілдеріне арналған оқулықтар (Неміс баспалары Langenscheidt, Huber және француз басылымдары Cle International, Hachette), барлық тілдік емес мамандықтар үшін Collins COBUILD шығарған заманауи сөздіктер ұсынылған.

2025–2026 оқу жылында кафедраның кітапханалық қоры жаңартылып, Oxford University Press, Garnet Education, Express Publishing және Hachette баспаларының заманауи оқу құралдарымен толықтырылды, соның ішінде English for Specific Purposes және English for Academic Purposes сериялары да бар. Есепті жылы кафедра кітапханалық қорының жалпы жаңаруы 3% құрады. Жыл бойында кафедраның өтініші бойынша 16 атаулы оқу әдебиеті келіп түсті. Қорда ерекше орын English File (5-ші басылым) оқу кітабының A2–B2 деңгейлері бойынша «Шет тілі 1,2» пәні үшін, Oxford EAP сериясы A2–C2 деңгейлері, сондай-ақ инженерия, көлік, экология, IT, туризм және жаратылыстану ғылымдары саласында кәсіби лексиканы оқытуға арналған Career Paths және Garnet ESAP арнайы курстары алады. Ағылшын тіліндегі басылымдармен қатар Hachette баспасының француз тілі бойынша заманауи оқулықтары да сатып алынды.
Қорды жаңартуға кафедра оқытушыларының еңбектері елеулі үлес қосып келеді. Соңғы жылдары кітапхана кафедра профессор-оқытушылар құрамы әзірлеген және бакалавриат пен магистратураның оқу үдерісінде белсенді қолданылып жүрген монографиялармен, оқу және оқу-әдістемелік құралдармен, электрондық курстармен және сөздіктермен толықтырылды. 2020-2025 жылдар аралығында оқу үрдісінде белсенді пайдаланылуда 13 оқу және оқу-әдістемелік кешен, 3 сөздік, 7 монография, 2 онлайн курс шығарылды.
- Сагимбаева Д.Е., Молдахметова Г.З., Курманаева Д.К., Касымбекова Н.С., Тажитова Г.З. - Учебное пособие для магистрантов экономических специальностей English course book for Master programme students of “Governmental audit and Financial control” specialty (from extended reading to academic writing)»
- Мухтарханова А.М. - Учебное пособие Ағылшын тілі пәні бойынша «Қазақ тілі және әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті», «Филология» мамандықтарының білім алушыларына арналған оқу құралы
- СагимбаеваД.Е., Курманаева Д.К., Тажитова Г.З., Касымбекова Н.С. Электронное учебное пособие для магистрантов специальностей «Управление и инжиниринг в сфере охраны окружающей среды» (English course book “Environment and Natural resources protection” for Master students of “Management and Engineering in the field of Environmental Protection specialties”)
- Тусупбекова М.Ж– Электронное учебное пособие для студентов филологического факультета «Профессиональный английский язык»
- Тусупбекова М.Ж– Сөздік «Қысқаша қазақша-орысша-ағылшынша ақпараттық технология (информатика) терминдер сөздігі»
- Тусупбекова М.Ж– Сөздік «Қысқаша қазақша-орысша-ағылшынша құрылыс терминдер сөздігі»
- Тусупбекова М.Ж– Сөздік «Қысқаша қазақша-орысша-ағылшынша туризм терминдер сөздігі»
- Тажитова Г.З.– магистр, аға оқытушы. Учебное пособие для бакалавриата «Kazakhstan Regions in Focus»
- Курманаева Д.К., Касымбекова Н.С., Сагимбаева Д.Е., Тажитова Г.З., Бахыт А. - "Essentials of academic writing for ICT Master students"
- Тажитова Г.З., Курманаева Д.К., Касымбекова Н.С., Сагимбаева Д.Е. - "Atlas of Kazakhstani pedagogical science and education history"
- Шахпутова З.Х., Жусупова Г.М., Жандильдинова А.М., Жанаева Ж.А. - "Welcome to Kazakhstan: Exploring the country through literary text"
- Сагимбаева Ж.Е., Ниязбекова А.А., Жандильдинова А.М., Мусабаева Г.М. - "Pre-intermediate деңгейі бойынша ағылшын тілі грамматикасының қазақша анықтамасы"
- Kurmanayeva D.K., Tazhitova G.Z., Kassymbekova N.S., "Academic and Professional English for Master's students in Construction Engineering" , 2025
Монографиялар:
1. Устелимова Н.А. – к.п.н, и.о.доцента. Формирование готовности к самообразовательной деятельности: теория и практика
2. Sagimbayeva J.E.,Moldakhmetova G.Z.,Kurmanayeva D.K.,Kassymbekova N.S. Tazhitova G.Z.,Tussupova G.K., Ustelimova N.A., Smagulova B.G. - Коллективная монография «Experience and perspectives of teaching foreign languages at L.N.Gumilyov Eurasian National University
3. Сагимбаева Д.Е. - The Framework for the Digital Fluency Education of students via the “Theory and Methods of Foreign Languages teaching” core discipline
4. Тусупбекова М.Ж. - Comparative Language Analysis in the Lianguistic Space of Kazakshtan. - LAP LAMBERT Academic Publishing
5. Курманаева Д.К. - Culture Component in Foreign Language Teaching.
6. Мухтарханова А.М. – Didactic aspects of foreign language teaching.
7. Балхимбекова П.Ж. - Особенности языко-вой экспликации смыслового содер-жания глаголов в русском, английском и казахском языках (на примере лексем создавать/разрушать), 2025
"Жаппай ашық онлайн курстары" (MOOK.ENU):
1. Сагимбаева Д.Е., Курманаева Д.К., Тажитова Г.З. - “Essentials of Academic Writing for Master students of non-linguistic majors” https://mooc.enu.kz/course/view.php?id=603
2. Мухтарханова А.М., Касымбекова Н.С., Хамитова А.Г., Жанаева Ж.А. - Шет тілі: ағылшын тілі. Foreign Language: English. Grammar Course. Intermediate. https://mooc.enu.kz/course/view.php?id=599
Ғылыми кітапхананың шетелдік әдебиеттерге жазылу ынтымақтастығы аясында кафедра http://emedia.enu.kz «ЕҰУ медиа кітапханасы» веб-қосымшасы арқылы пәндер бойынша студенттердің аудио/бейне материалдарын пайдалануына ықпал етеді. Осылайша студенттер кез келген жерден (ғимараттан, жатақханадан, үйде) кітап пен кітапхананың электронды қорына тегін қол жеткізе алады. Ғылыми кітапхана қызметкерлері кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының және студенттердің кітапханамен, атап айтқанда шетелдік абонементпен өзара әрекеттесуіне және табысты жұмыс істеуіне өз үлестерін қосуда.
Кафедраның кітаппен қамтамасыз етілуі тек оқу - әдістемелік әдебиеттердің болуымен ғана емес, сонымен қатар біздің кітапхананың сайтында берілген қосымша ресурстарға қолжетімділікпен де анықталады. https://lib.enu.kz/ru/
2025–2026 оқу жылында университеттің барлық жазылмалы электрондық ресурстарына бірыңғай авторизация арқылы қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ететін My Loft сервисі енгізілді. https://lib.enu.kz/ru/podpisnye-bazy-dannyh сілтемесі арқылы отандық және шетелдік келесі электрондық ресурстарға қолжетімділік ашылған: Қазақстан Республикасының дерекқорлары: «Юрист» дерекқоры, «Elslantar.kz» электрондық кітапханалық жүйесі, «Эпиграф» дерекқоры, «Эпиграф» электрондық басылымы, «Aknurpress» цифрлық кітапханасы, «Smart Kitap» электрондық басылымы, «E-UNI.KZ» цифрлық кітапханасы. Ресейлік дерекқорлар: «Лань» электрондық кітапханалық жүйесі, «IPR Smart» цифрлық білім беру ресурсы, «DATALIB.RU» онлайн платформасы, «Университетская библиотека онлайн» электрондық кітапханалық жүйесі, «Znanium.com» электрондық кітапханалық жүйесі, «Polpred.com» дерекқоры, «EastView» дерекқоры. Шетелдік дерекқорлар: «Academic Search Complete», «Cambridge Core», «eBook Academic Collection», «IEEE Xplore Electronic Library», «Springer Nature Link», «Web of Science», «Scopus», «Wiley Online Library», Wiley Researcher Academy Online, «ScienceDirect» (OA), «SciVal».
Халықаралық дерекқорларға (Web of Science, Scopus, Springer Nature Link, Wiley Online Library, Cambridge Core, ScienceDirect, IEEE Xplore және т.б.) қолжетімділік оқытушылар мен студенттерге оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу барысында және ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде заманауи ғылыми және оқу материалдарын пайдалануға мүмкіндік береді.
2016-2026 жылдарға арналған «Шетел тілдері кафедрасы» өтінімдерін орындау қорытындысы


2025-2026 жж. «Шетел тілдері кафедрасы» кітапхана қорын жаңарту

