
Халықаралық ынтымақтастық
Кафедра қызметінің басым бағыттарының бірі-әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен және университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Шетел тілдері кафедрасы мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған. И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетімен бірігіп жемісті жұмыс істейді. 2015 жылдан бастап И. Арабаев атындағы ҚМПУ-і филология факультетінің магистранттары тағылымдамадан өту үшін кафедраға шақырылады. И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекттік университетінің 15-ден астам магистранттары тағылымдамадан өтті. Олар профессорлар сабақтарына қатысады, олардың жетекшілігімен зерттеу жүргізеді, кітапхана қорымен және біздің университетіміздің ресурстарымен танысады.

2023 жылы Л.Н Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университі Югра мемлекеттік университетінің (Ресей) гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебімен және Ош мемлекеттік университетінің (Қырғызстан) практикалық ағылшын тілі курсы кафедрасымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасты. Сонымен қатар, 2024 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Карабюк университеті (Түркия) арасында ынтымақтастық орнады. Бүгінде жоғарыда аталған университеттермен бірлесе отырып, бірқатар ғылыми шаралар мен жобалар жүзеге асырылуда.

Тәжірибе мен білім алмасу үшін оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы белсенді түрде дамытылып отыр. 2013 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде Erasmus Mundus бағдарламасы бойынша кафедра оқытушылары шет елдердің танымал ғылыми орталықтары мен университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті: педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Тажитова Г.З. (Швеция, Упсала университеті), педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сағымбаева Ж.Е. (Австрия, Линц қ., Иоганн Кеплер университеті), педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Нұрбекова Г.Ж. (Гумбольдт Университеті, Берлин қ., Германия), п.ғ.к. Құрманаева Д.К. (Деусто университеті, Бильбао қ., Испания), педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қасымбекова Н.С. (Гумбольдт университеті, Берлин қ., Германия).
2025 жылы аға оқытушы Чулакова З. У. Ұлыбританияның Кембридж қаласындағы Pembroke College Кембридж университетінде өткен конференцияға қатысып, «Linguistic and extralinguistic factors of brand naming in Kazakhstan» тақырыбында баяндама жасады.

Erasmus+ педагогика ғылымдарының кандидаты бағдарламасы бойынша 2017 жылы доцент Сағымбаева Ж.Е. сәуір айында Варшава әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар университетінде (Польша) мәдениетаралық коммуникациялар бойынша, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Түсіпбекова М.Ж. Деусто университетінде (Бильбао, Испания) шет тілдерін оқыту әдістемесі бойынша дәрістер оқыды. Шетел тілдері кафедрасының жетекшісі, қаум.профессор Сағымбаева Ж.Е. Кадис университетінде (Испания) ғылыми- зерттеу тағылымдамасынан өтті. 2020 жылы кафедраның 19 оқытушысы ERASMUS+ «Жаңа технологияларды қолдану арқылы Орталық Азиядағы жоғары білім беруді жаңғырту» жобасы аясында «Инновациялық білім беру технологиялары және дидактикалық модельдер» бағыты бойынша оқытушылардың 72 сағаттық біліктілігін арттыру курсын сәтті аяқтады (HiEdTec).
«Болашақ» бағдарламасы бойынша 2013-2017 жылдары Смагулова М.Г. (Германия, Гамбург қ., Гамбург университеті), 2014-2015 жылдары Муханова Б.Х. (Германия, Гёттинген қ., Георг-Август университеті) магистр дәрежесін алды. Сондай-ақ, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша 2013-2014 жылдары п.ғ.к. Құрманаева Д.К. (Рединг университеті, Ұлыбритания), аға оқытушы Заркешева А.Е. «Шетел тілін оқытудағы инновациялық технологиялар» атты зерттеу тақырыбы бойынша (Лейден университеті, Лейден қ., Нидерланды), магистрі, аға оқытушы Нұрбекова Г.Ж. «Шетел тілін оқытудағы жаңа сын-қатерлер мен жаңа басымдықтар» тақырыбында (Гумбольдт университеті, Берлин қ., Германия), педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Бүркітбаева А.Г., филология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ниязбекова А.А. (Бизнес мектебі, Монтре, Швейцария) ғылыми тағылымдамадан өтті. 2020 жылы Сұлтан Д.Ғ. магистр, KIA FF аға оқытушысы Болашақ халықаралық стипендиясының иегері атанды және Стэнфорд университетіне CAH22-01-01 «Білім саясаты саласындағы PhD» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2021-22 оқу жылында филология факультетінің оқытушылары п.ғ.к. Түсіпбекова М. Ж. және PhD докторы Д.М. Акижанова «500 ғалым» «Болашақ» бағдарламасы аясында Миннесота университетінде (АҚШ); 2023-24 оқу жылы п.ғ.к, қаум.профессор Мұхтарханова А.М. мен PhD, п.ғ.к. Құрманаева Д.К. Мичиган университетінде (АҚШ) тағылылымдамадан өтті. Оқытушылар АҚШ-тың әртүрлі оқу орындарында және қабылдаушы университеттің шеберханаларында болып, үлкен тәжірибе жинақтады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы бірнеше мәрте DААD (ГАҰҚ), Гёте институтының стипендиясына ие болды. 2013 - 2018 жылдар аралығында кафедраның аға оқытушылары Жүсіпова Г.М. (Гете институты, ШвебишьХаль қ., Германия), Аристанкулова Г.У. (Гёте институты, Мюнхен қ., Германия), педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент қ.а. Устелимова Н.А. (Гумбольдт университеті, Берлин қ., Германия), педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Нұрбекова Г.Ж. (Гёте институты, Майндағы Франкфурт қ., Германия), Мұқанова Б.Х. (Гете институты, Германия) біліктілікті жетілдіру курстарынан өтті.
2022 - 2025 жылдары аралығында п.ғ.к., шетел тілдері кафедрасының доценті Түсіпова Г. Қ. Гете институтының онлайн біліктілігін арттыру стипендиясына ие болып, п.ғ.к., қаум.профессорлар Түсіпова Г.К. және Аубакирова А.К. (Гете институты, “Aufgaben planen, interaktiv unterrichten” – 72 сағ.) кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Өрлеу бағдарламасы бойынша кафедраның ПОҚ таяу және алыс шет елдерде біліктілікті жетілдіру курстарынан өтеді: аға оқытушы Нұрдыбаева А.К. (ISEP университеті, Порто қ., Португалия) аға оқытушылар Идрисова М.А., Абдимаулен Г.А., Төлегенова Ж.Б. (Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті, Омбы қ., Ресей), аға оқытушылар Дүйсенгалиева А.А., Хамзина А.Х., Смагулова Б.Г. (Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Алматы қ., Қазақстан).
Халықаралық университеттермен және ұйымдармен тығыз ынтымақтастық шеңберінде жыл сайын қонақтар шақырылады, олар өз кезегінде өз тәжірибесімен және білімімен бөліседі. 2019 жылы SES – Senior Experten Service халықаралық қызметтен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ң Филология факультеті шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі бойынша сарапшы, PhD докторы Томас Пеффген шақырылды.
2025 жылы 20-25 ақпан аралығында Филология факультеті, шетел тілдері кафедрасы мен Карабюк университеті (Түркия) арасындағы келісімшарт негізінде (PhD), профессор Асым Аидин қонақ ретінде келіп, өз дәрістерін оқытушылар мен студенттерге берді.

Сондай-ақ, шетел тілдері кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы әртүрлі шетел курстарында оқу және қатысу арқылы өз біліктіліктерін үнемі арттырып отырады. 2020-2021 жж. кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы халықаралық біліктілікті арттыру курстарынан өтті: п.ғ.к., м.а. доцент Мұхтарханова А.М. Калифорния университеті, Ирвин бекіткен және Coursera арқылы ұсынылған «Академиялық тыңдау және нота алу» кредитсіз онлайн курсын сәтті аяқтады; Ph.D., доцент Қасымбекова Н.С., философия ғылымдарының докторы PhD, доцент Құрманаева Д.К., п.ғ.к., м.а. доцент Мұхтарханова А.М., т.ғ.к. асс. профессор Сағымбаева Ж.Е., м.ғ.к., м.а доцент Тусупова Г.К., п.ғ.к., доцент Тусупбекова М.Ж. оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді бағалау бойынша сарапшыларды даярлау курсын аяқтады (Афина Ұлттық және Каподистриан университеті, Грекия Республикасы), PhD, м.а. доцент Балхимбекова П.Ж., аға оқытушы Ватутина Ж.П. (Инфоурок, Смоленск), философия ғылымдарының докторы PhD, доцент Құрманаева Д.К., (Компьютерлік жүйелер институты, Одесса), п.ғ.к., м.а. доцент Мұхтарханова А.М. (Аризона мемлекеттік университеті, АҚШ).
2022 жылдың екінші жартыжылдығында Касбаева Г.С. Бурсадан (Түркия) R. Imanjussip, B. Senay шетелдік әріптестерімен, Нұрбекова Г.Ж. және Тажитова Г.З. Бішкектен (Қырғызстан) шетелдік әріптесі Карабалаева Г.Т ҚР БҒМ ҚКСОН тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының журналдарында ғылыми мақалалар жариялады. Шетел тілдері кафедрасының көп оқытушылары «How to get published in scientific journals», Odessa Polytechnic National University Institute of Artificial Intelligence and Robotics онлайн семинар; қазан айында Отызбаева Карлығаш Жаленовна “Competitiveness of Universities in the QS Subject Ranking Brussels, Belgium» (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева) біліктілікті арттыру; қыркүйекте Тусупбекова М. Ж. «Assessing Language Learners’ Communication Skills via Authentic Communicative Performance Tasks (36 hours) (CARLA Summer Institute University of Minnesota) курсын; желтоқсанда Нургалиева У. С. және Мусина С. К. «Развитие исследовательского университета-опыт европейских высшых учебных заведений» (72 ч.) (Страсбургский университет, ЕНУ им.Л.Н.Гумилева) атты халықаралық онлайн тренингті өтті.
2023 жылы аға оқытушылар Жандильдинова А. М., Ильясова А. Қ., Жанаева Ж. А., Тәнеш Б. Cambridge Teaching Knowledge Test 3 модулі бойынша сәтті тапсырып, сертификаттарға ие болды. 2024 жылы оқытушылардың басым бөлігі Coursera платформасынан TESOL, Learning to Teach Online, Understanding Research Methods, New Learning: Principles and Patterns of Pedagogy, Orchestrating Whole Classroom Discussion және басқа да тақырыптардағы курстардан өтті. Сонымен қатар, Тажитова Г. З. Миссури университетінде «Academic Writing: From Essay to Research Paper Workshop» курсында; Отызбаева К. Ж. TESOL халықаралық қауымдастығында оқуын аяқтады.
2025 жылы кафедраның профессор-оқытушылар құрамы біліктілікті арттыру жұмыстарын жалғастырды. Атап айтқанда, кафедра меңгерушісі PhD Балхимбекова П. Ж. Ресей Федерациясының МГИМО университетінде өткен «Лингвистика және тілдік білім берудің көпжақты өзара қарым-қатынастың жаңа форматтары» тақырыбындағы (48 сағат) курстан өтіп, сертификат алды. Сонымен қатар, п.ғ.к., қаум.профессор (доцент) м.а. Тажитова Г.З. (World TESOL Academy, Coursera -140 сағ.), п.ғ.к., қаум.профессор Мұхтарханова А. М. (World TESOL Academy, TESOL – 120 сағ.), аға оқытушы Жүсіпова Г.М. мен п.ғ.к., қаум.профессор Устелимова Н. А. (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Easy English - 72 сағ.) кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Осылайша, Шетел тілдері кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы халықаралық білім беру кеңістігімен жүйелі түрде ықпалдаса отырып, кәсіби құзыреттілігін үздіксіз арттырып, заманауи педагогикалық және тілдік әдістемелерді оқу үдерісіне белсенді енгізіп келеді.
