
Қазақ әдебиеті кафедрасы

Кафедра штатында 16 оқытушы, оның ішінде 5 ғылым докторы, профессор, 7 ғылым кандидаты (оның ішінде 4 профессор, 3 доцент), 4 PhD қызмет істейді. Кафедра меңгерушісі - қауымдастырылған профессор, PhD доктор Сағынадин Гүлназ Сағынадинқызы, кафедра профессорлары Р. Тұрысбек, Ж. Аймұхамбет, С. Айтуғанова, Ә. Шапауов, профессор міндетін атқарушылар Қ. Байтанасова, Б. Қорғанбеков С. Жұмағұл, қауымдастырылған профессорлар М. Оразбек А. Үсен, Қ. Кемеңгер –танымал әдебиетші ғалымдар, бірнеше ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің, монографиялардың авторлары. Аға оқытушы PhD С.Қасенов, Ж. Кәріпбаев, А. Алимбаев, С. Сердалина –жоғарғы оқу орнында көп жыл қызмет істеп келе жатқан тәжірибелі мамандар.
Қосымша ішкі жүктемеде отандық білім мен ғылымға, қазақ руханиятын зерттеуге сүбелі үлес қосқан көрнекті ғалым ҚР ҰҒА академигі профессор С.Негимов, қауымдастырылған профессор Ж. Әубәкір, ф.ғ.к., аға оқытушы А. Ақтанова, оқытушы PhD Л. Демесинова қызмет істейді.
Қосымша сыртқы жүктемеде көрнекті ғалым ҚР ҰҒА академигі ф.ғ.д., профессор Д. Қамзабекұлы, профессор міндетін атқарушы ф.ғ.д. А.Әлтай, ф.ғ.к., аға оқытушы, ф.ғ.к., Қ. Сейітжанов, аға оқытушы, ф.ғ.к., Е. Тілешов, аға оқытушы PhD А. Мырзахметов, аға оқытушы PhD М. Миразова, аға оқытушы Д. Кәпұлы, оқытушылар – С. Сарсембаева, Б. Қажытай, Д. Жалелов қызмет істейді.
С. Негимов, Р. Тұрысбек, Ж. Аймұхамбет, С. Жұмағұл, А. Әлтай, Қ.Байтанасова, С. Айтуғанова, Г. Сағынадин, А. Алимбаев – «ЖОО Үздік оқытушысы», Ж. Аймұхамбет, М. Оразбек - «ЖОО Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегерлері.
