
Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстаның жоғарғы білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен кәсіби мамандарды дайындау мақсатында кафедра шетелдік жоғарғы оқу орындарымен оқу үдерісінде тәжірибе алмасу, жаңа оқу әдістемесін игеру мен ғылыми зерттеу саланыдағы тәжірибені үйрену үшін қарым-қатынас орнатқан.
Кафедраның оқытушыларынң шетелдік іссапарлары жылдан жылға артып, шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасуда артқан. Білім беру бағдарламаларына сәйкес, халықаралық қарым-қатынастарды дамыту мақсатында шетелден келуші студенттердің де келуі артқан.
Кафедраның келесідей шетелдік серіктестестері бар:
- ЕГЕ университеті, Түркия
- Гази университеті, Турция
- Миньцзу университеті, Қытай
- Памукале университеті, Түркия
Қазақ әдебиеті кафедрасының магистранттары мен докторанттары үшін шеделден шақырылған Метин Екижи (ЕГЕ университеті, Түркия), Наджие Йылдыз (Гази университеті, Түркия), Фикрет Туркмен (ЕГЕ университеті, Турция), Хуан Жуншян (Қытайдың Қоғамдық ғылымдар академясы), Мустафа Арслан (Памуккале университеті, Түркия) сынды профессорлар дәрістер оқып, тағылымдама жұмыстарын жүргізеді.
Кафедра Халықаралық Түркі академиясымен, Казан (Еділ бойы), федералды университетімен (РФ), ЕГЕ университетінің Түркі дүниесін зерттеу институтымен бірігіп, халықаралық симпозиумдар, конгрестер мен конференциялар өткізеді.
Шароф Рашид атындағы Самарқанд мемлекеттік университетімен халықаралық қатынастар жайлы келісім
Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетімен Меморандум
