
Материалдық-техникалық база
Кафедраның материалды-техникалық базасы талапқа сай жабдықталған. Оқу үдерісінде атаулы кабинеттер қолданылады: Абай аудиториясы (ауд. 321), Р.Нұрғали аудиториясы (ауд. 240), Әди Шәріпов аудиториясы (ауд. 323). Бұл атаулы кабинеттер барлық техникалық құралдармен (проекторлар, мультимедиялық техника) жабдықталған. Әр кабинет құралдар, стендтер, ғылыми және оқу әдебиеті мен тағы басқалар көрсетілген паспорттармен қамтамасыз етілген.
«Абай аудиториясы» заманауи мультимедиялық құрылғылармен (интерактивті тақта, проектор), оқу, ғылыми және ақпараттық әдебиетпен, сонымен қатар заманауи жиһаздармен (жұмыс үстелі, стеллаждары бар бірнеше шкафтар, кеңселік кресло, жұмсақ орындықтар және т.б.) қамтамасыз етілген.Абай дәрісханасында киіз үй макеті, Абайдың Жидебайдағы қыстауының макеті, Абай әулеті, оқыған кітаптары, әлем тілдеріне аударылған шығармалары, әр жылдарда жарияланған шығармалары, Абай және Алаш қайраткерлері, Абай туралы зерттеулерге қатысты стендтер, Абайды зерттеушілердің еңбектері, қазақ әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ғылыми-әдістемелік еңбектері қойылған.
Абай дәрісханасында «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология: қазақ филологиясы» мамандықтарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына дәрістер оқылады. Практикалық сабақтар жүргізіледі. Қазақ әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ашық дәрістері, сондай-ақ түрлі әдеби кездесулер, семинарлар, кештер өткізіледі. 2017 жылдың қазан айында «Абай» дәрісханасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаздары жаңартылды.
М.Жұмабаев атындағы әдеби бірлестіктің және «Алқа» әдеби ұйымының жоспарланған іс-шаралары да осы дәрісханада жүзеге асырылады. Шетелдік ғалымдар мен әдебиетшілермен сұхбаттар өткізіледі.
Қазақ әдебиеті мамандануы бойынша білім алушы магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілерімен ақыл-кеңестері, кафедра оқытушыларының ғылыми еңбектерімен танысуы Абай дәрісханасында жүзеге асады.
Кафедра оқытушыларының жарық көрген еңбектерінің тұсаукесер рәсімі, ұйымдастырылған түрлі конференциялардың секциялық мәжілістері, факультеттің ғылыми кеңесі өтеді.

«Рымғали Нұрғали аудиториясы» 2010 жылы ашылды. Дәрісхана заманауи мультимедиялық құрылғылармен (интерактивті тақта, проектор), оқу, ғылыми және ақпараттық әдебиетпен, сонымен қатар заманауи жиһаздармен (жұмыс үстелі, компьютерлік үстел, стеллаждары бар бірнеше шкафтар, кеңселік кресло, жұмсақ орындықтар және т.б.) қамтамасыз етілген. Р.Нұрғали дәрісханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рымғали Нұрғалидың әр жылдары жарық көрген ғылыми-зерттеу еңбектері, фотокөрмелер, Р.Нұрғалидың жетекшілігімен кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғаған ғалымдардың еңбектерінің көрмесі жабдықталған.Р.Нұрғали дәрісханасына мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, мәдениет қызметкерлері, айтыс ақындары мен өнер шеберлері, басқа да есімі мен еңбегі алыс-жақынға таныс тұлғалар жиі келеді. олармен болған әрбір кеш-кездесулер, дөңгелек үстелдер мен сұхбаттар қалың көпшілікті студент жастарды әдеби-мәдени һәм рухани құндылықтармен жан-жақты байытары анық.

«Әди Шәріпов аудиториясы» 2015 жылдың қазан айында ашылды. Дәрісхана оқу, ғылыми және ақпараттық әдебиетпен, сонымен қатар заманауи жиһаздармен (жұмыс үстелі, стеллаждары бар бірнеше шкафтар және т.б.) қамтамасыз етілген. 2017 жылдың қазан айында «Әди Шәріпов» аудиториясына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаздары жаңартылды.
Бұл атаулы дәрісханаларда оқу сабақтарымен қатар мәдени және рухани жиындар, студенттердің ғылыми бірлестіктерінің жұмыстары, белгілі қоғам қайраткерлерімен, ақын-жазушылармен кездесулер, шетелден шақырылған профессорлардың дәрістері, конференциялар өткізіледі. Жалпы алғанда, атаулы дәрісханалардың ұйымдастырылуы мен рәсімделуі ҚР МЖМБС 5.03.014-2006 «жоғары оқу орындарының оқу және ғылыми зертханалары» талаптарына сәйкес келеді.
