
Ғылыми жұмыс
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ең әлеуетті кафедралардың бірі - қазақ әдебиеті кафедрасы оқу үдерісін жүргізумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де қатар айналысады.
Кафедра профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми мақалаларын халықаралық рейтингілік басылымдарда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау университеті хабаршыларында, Қазақ білім академиясының баяндамаларында, «Білім және өркениет» халықаралық ғылыми-әдістемелік журналында жариялап отырады. Осы жарияланымдар әрі қарай зерттеу барысында іргелі еңбектерге ұласып, монографиялар ретінде жарық көруіне ұласады. Мәселен, 2019-2020 оқу жылында кафедра ғалымдарының мынадай еңбектері жарыққа шықты: Қ.Байтанасова. Эмиграция әдебиеті: көркемдік даму мен сабақтастық. Монография. – Астана: Мастер-ПО, 2018.-186 б.; Қ.Байтанасова. Көркем мәтін және мекеншақ сипаты. Монография. – Нұр-Сұлтан: AMISAT, 2019.-130 б.; С.Айтуғанова. Қазақ лирикалық прозасы. Монография. – Нұр-Сұлтан: Ақжолтай, 2019. -288 б.; Негимов С. Абайдың көркемдік және ғылыми дүниетанымы. – Нұр-Сұлтан: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ типографиясы, 2020. – 285 б.
Кафедра оқытушылары республикада, шетелдерде, атап айтқанда, Түркия, Ресей, Азербайжан, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстанда өтетін конференциялар, симпозиумдар мен басқа да ғылыми жиындарығы қатысып отырады. Мәселен, VI Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы.-Bakı: Elm vә Tәhsil, 2019; Uluslararası Kutadgu Bilig Kurultayı. – Ankara, 26-28 Eylul, 2019; «Еуропа және түркі әлемі: ғылым, техника және технология" атты V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. 2020 жыл (Анкара, Түркия), «Социогуманитарные науки и социальные технологии: перспективы, приоритеты и прогнозы». Международная научно-практическая конференция. www.scipro.ru. – Санкт-Петербург, 2019; «IX шет тілдерін оқыту және қолданбалы лингвистика» халыкаралық конференция – Ташкент, 2019. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Абай - түркі әлемінің ұлы тұлғасы" атты халықаралық симпозиумы. – Измир, 2020.
2020 жылдың сәуір айында «Ғылыми тағылымдама мен зерттеу практикасы: қорытындылар мен нәтижелер»; «Ғылыми зерттеу жұмысын жазу және орындау нәтижелері» (ұйымдастырған - М.С.Оразбек) тақырыбында ғылыми семинарлар өткізілді.
Жыл сайын өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «GYLYM JANE BILIM» халықаралық ғылыми конференциясының аясында қазақ әдебиеттануы секциясы ұйымдастырылып, онда білім алушылардың баяндамалары тыңдалып, ғылыми бағыт-бағдар беріледі.
«Білім және ғылым – 2020» ғылым декадасы аясында 7 сәуір күні қазақ әдебиеті кафедрасы «Ұлт тұлғалары және ғылым» атты ғылыми-танымдық семинар өткізді. Семинар жұмысын «Жас ғалым» ғылыми үйірме мүшелері ұйымдастырды.
2020-2021 оқу жылында қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушылары ҚР БжҒМ тарапынан қаржыландыратын 3 іргелі гранттық ғылыми жобаны ұтып алды:
1.«XXI ғасырдағы гуманитарлық ғылым кеңістігі: ғылымдар ықпалдастығы және әдебиеттану» (жетекші – С.Ш.Айтуғанова) – 2020-2022;
2.«Абай шығармаларындағы әлемдік және ұлттық мәдени архетиптер» (жетекші – М.С.Оразбек) – 2020-2022;
3.«Абай өлеңдерінің поэтикалық тезаурусы» (жетекші – Ж.Ә.Аймұхамбет) – 2021-2023.
Монографиялар: С.Айтуғанова. Шағын проза поэтикасы. Астана: «FOCUS», 2025. –137 б.; М.Оразбек, Қ.Байтанасова. Көркем прозадағы қалалық балалар типологиясы. Монография. –Астана: ИП «Ахтаев У.Е.», 2025. – 240 б.; Б.Қорғанбеков. Қазақ әлеміндегі Қожа Ахмет Ясауи. Алматы: Дәуір, 2025 – 368 б.; Қ.Байтанасова. Эстетика және әдебиет. Монография. – Астана: Мастер ПО, 2025. – 224 б.
Ғылыми жобалар: Ж.Аймұхамбет. ҚР ҒЖБМ грантымен қаржыландырылатын 2021-2023 жылдарға арналған «AP09259039 – Абай өлеңдерінің поэтологиялық тезаурусы» ғылыми жобасының жетекшісі; Ж.Аймұхамбет. ҚР ҒЖБ гранымен қаржыландырылатын 2022-2024 жылдарға арналған «AP14870245 – Ахмет Ясауидың «Диуани хикметіндегі» тілдік-мәдени кодтар» ғылыми жобасының орындаушысы; Қ.Кемеңгер, С.Жұмағұл. Г.Сағынадин. 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру аясындағы «Алаш кезеңі әдебиеті: интегративті фольклортану контексі және жаңа ғылыми парадигма» ғылыми жобасы.
Халықаралық жоба: Шароф Рашидов атындағы Самарқан мемлекеттік университеті (Өзбекстан) жанындағы «Ұлы Жібек жолы елдерінің мәдени және әдеби мұрасы» ғылыми орталығының Ұлы Жібек жолы мәдени мұрасын зерттеу: «Ұлы Жібек жолы елдерінің мәдени және әдеби мұрасы» жобасының орындаушысы (келісімшарт негізінде, 01.03.2023-30.12.2023 жж. аралығы).
