
Кафедра меңгерушісі

САҒЫНАДИН ГҮЛНАЗ САҒЫНАДИНҚЫЗЫ
Кафедра меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: PhD доктор
E-mail: Sagynadin_gs@enu.kz
Жұмыс тел: +7 (7172) 709500 (ішкі 32-303)
Сағынадин Гүлназ Сағынадинқызы – 2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде докторлық диссертациясын қорғап, 6D021400 – Әдебиеттану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.
Менеджмент және технология академиясы (Дюссельдорф, Германия), Ә. Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік Өзбек тілі мен әдебиеті университеті (Ташкент, Өзбекстан), Анкара Хаджы Байрам Вели университеті (Түркия, Анкара), Стамбул университеті «Фараби» еуразиялық зерттеулер орталығында (Стамбул, Түркия), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана), Анкара Хаджы Байрам Вели университеті Әдебиет факультеті Түрік халық білімі бөлімі (Түркия, Анкара), Nazarbayev University (Астана), Федеральное государственное автономное образовательное учреждение высшего образования Национальный исследовательский технологический университеті «МИСиС» (Москва, РФ) сияқты еліміздің және алыс-жақын шет елдердің іргелі оқу орындарында өткен біліктілікті арттыру курстарына, конференция, семинарларға қатысып, тағылымдамалардан өткен.
Ғылыми жобалар (соңғы 5 жыл):
- 2018-2020 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру аясындағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының қазақ халқының батырлық-эпикалық жыр-аңыздауларында көркем бейнеленуі» ғылыми жобасының тең жетекшісі;
- 2020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру аясындағы «XXI ғасырдағы гуманитарлық ғылым кеңістігі: ғылымдар ықпалдастығы және әдебиеттану» ғылыми жобасының жетекші ғылыми қызметкері;
- 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру аясындағы «Абай өлеңдерінің поэтологиялық тезаурусы» ғылыми жобасының жетекші ғылыми қызметкері;
- 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясындағы «Ұлы Жібек жолының тарихи топонимиясы» ғылыми жобасының жетекші ғылыми қызметкері;
- 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру аясындағы «Алаш кезеңі әдебиеті: интегративті фольклортану контексі және жаңа ғылыми парадигма» ғылыми жобасының жетекші ғылыми қызметкері;
- 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру аясындағы «Қазіргі қазақ прозасындағы қалалық балалар типологиясы және ұлттық ментальдік (ағылшын әдебиеті мен қазақ әдебиеті шығармаларын салыстыру)» ғылыми жобасының жетекші ғылыми қызметкері.
Марапаттары мен атақтары:
- Астана қаласы Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының Алғыс хаты (2012);
- Еуразия гуманитарлық институты ректорының Алғыс хаты (2013);
- Мемлекеттің жоғары білім беру жүйесін дамытуға және біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға қосқан зор үлесі үшін «А.Байтұрсынов атындағы қола медаль» (2016);
- «Ең үздік ғылыми жұмыс – 2019» конкурсының ІІ орын жүлдегері (2019);
- ҚР педагогикалық ЖОО-ның жас оқытушылары арасындағы І Республикалық байқауының жүлдегері (2020);
- Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Филология факультеті деканының Алғыс хаты (2023);
- ҚР ҒЖБ Министрінің Алғысы (2024).
- Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма төрағасы – ректордың Алғыс хаты (2024);
- М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының Алғыс хаты (2024)
- «ЖОО Үздік оқытушысы – 2024»
Web of Science және Scopus базаларындағы рецензияланатын ғылыми басылымдарда, ҚР ҒЖБССҚК ұсынылған отандық басылымдарда көптеген жарияланымдары мен «Түркі халықтары фольклорындағы аңыздық проза (жанрлар және кейіпкерлер жүйесі» атты ғылыми монографиясы жарыққа шыққан.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Coursera халықаралық платформасына жүктелген алғашқы «Фольклор: жанр және образ» атты практикалық жаппай ашық онлайн курсының авторы.
