
АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ КАФЕДРАСЫ

Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы филология факультетіндегі жетекші кафедралардың бірі болып саналады. 1994 жылы «Аударма кафедрасы» ретінде құрылып, 2005 жылы 17 қазаннан бастап №169 бұйрыққа сәйкес «Жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасы» деп аталды. 2018 жылғы 6 қарашадан бастап кафедраның атауы «Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы» деп өзгерді. Кафедрада оқу үдерісі үш сатылы оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады:
- Бакалавриат: 6B02307 - «Аударма ісі»;
- Магистратура: 7M02302 «Аударма ісі»;
- 7M02313 «Цифрлық аударма»;
- РһD докторантурасы: 8D02307 - «Аударма ісі» білім беру бағдарламалары бойынша дайындайды.
Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамында 16 оқытушы жұмыс істейді. Олардың қатарында 5 ғылым докторы, 1 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы, 4 магистр. Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы – үлкен ғылыми және оқу-әдістемелік әлеуеті бар жоғары кәсіби деңгейдегі ұжым. Кафедра меңгерушісі PhD докторы Акижанова Д.М. Кафедра оқытушылары монографияларды жазуға, оқу-әдістемелік кешендерді және оқу-әдістемелік құралдарды құрастыруға белсене атсалысады. Ғылыми журналдарға мақалалар жариялап, алыс және жақын шетелдерде өтетін ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады.

Кафедраның оқытушылары мен студенттері университетте, факультетте және студенттер жатақханасында өткізілетін барлық іс-шараларға белсене қатысады. Кафедрада «Жас аудармашы» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс жасайды. Кафедраның түлектері қоғамда сұранысқа ие мамандық иелері болып табылады, олар тәуелсіз Қазақстан игілігі үшін жемісті еңбек етуде.
