
Кафедра меңгерушісі

АКИЖАНОВА ДИАНА МҰРАТҚЫЗЫ
Кафедра меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: PhD доктор
e-mail: akizhanova_dm@enu.kz
Жұмыс тел.: +7 (7172) 709500 (ішкі32-301)
2001 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің “Ағылшын филологиясы” мамандығына оқуға түсті. 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Шетел филологиясы" мамандығы бойынша магистратура бағдарламасына, 2010 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Филология" мамандығы бойынша PhD докторантурасына оқуға түсті.
2005 жылдың қыркүйегінен бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, аударма теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы, аударма теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істейді.
2020 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде филология ғылымдарының докторы, профессор С.К. Сәтенованың ғылыми жетекшілігімен докторлық диссертациясын қорғап, PhD докторы дәрежесін алды.
2020 ж. Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Болашақ” халықаралық бағдарламасының стипендиялық иегері. Миннеста Университетінде (АҚШ) тағылымдамадан өтіп, “Білім берудегі менеджмент (Стратегиялық менеджмент және білім берудегі көшбасшылық. Университетті басқару)” бағдарламасын бітіріп, сертификат алды.
2012 және 2013 жылдары Швейцарияның Лугано университетінде тағылымдамадан өтті.
Ғылыми қызығушылықтары – аударма, салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі, мәдениетаралық қарым-қатынас теориялық және практикалық мәселелері.
40-тан астам ғылыми еңбектердің, монографиялардың және оқу құралдарының авторы.
