
Жетістіктер
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының оқытушылары «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ұдайы білімдерін жетілдіріп келеді. Мәселен, кафедра профессоры С.К. Сәтенова аталған бағдарлама бойынша Ұлыбританияның Глазго университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Әсем Манарбекқызы Қызырова – ф.ғ.к., доцент болашақ бағдарламасы бойынша Лондон қаласындағы Брунель университетінде ‘’Theory and methods of education and training” мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында Әсем Манарбекқызы Брунель Бизнес мектебінде (Brunel Business School)өткізілген инновациялық бағыттағы дәрістер, семинарлар мен зертханалық жұмыстарға қатысты. Дәрістер қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен әлеуметтік медиа қосымшаларының оқу үдерісін жоспарлаудағы ықпалын көрсетуге бағытталды. Гүлнәр Ильясқызы Көлдеева – ф.ғ.д., профессор Болашақ бағдарламасы бойынша, біріншіден, Ұлыбританияның Warwick университетінде (The University of Warwick) тілдік курстан өтті. Гүлнәр Ильясқызы тілдік курсты сәтті тәмамдаған соң, Швейцариядағы Монтрё қаласында орналасқан Swiss Montreux Business School, яғни Швейцария Монтре Бизнес мектебінде «Педагогикалық диагностика. Білім сапасын бағалау мен басқару» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Нұрмира Жұмай – PhD докторы «Болашақ» бағдарламасымен Нидерланды мемлекеті, Лейден қаласындағы Лейден университетінде (DAAS) «Педагогика және психология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының PhD докторлары Мәншүк Жұмабайқызы Ескендірова мен Жұлдыз Қуанышқызы Алшынбаева Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Швейцариядағы Монтрё қаласында орналасқан Swiss Montreux Business School, яғни Швейцария Монтре Бизнес мектебінде «Педагогикалық диагностика. Білім сапасын бағалау мен басқару» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ботагөз Маратқызы Жабашева – аға оқытушы, магистр. Ұлыбританияның Ковентри қаласында орналасқан Warwick деп аталатын жоғарғы оқу орнын «Білім беруді басқару» мамандығы бойынша магистратурсын бітірді.

Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы жыл сайын өздерінің кәсіби деңгейін белсенді түрде арттырып келеді.
Біліктілікті үнемі жетілдіру кафедра ұжымының педагогикалық және ғылыми қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оқытушылар жаңа ғылыми және оқу-әдістемелік басылымдармен танысып, әріптестерінің сабақтарына қатысады, тәжірибе алмасады және білім беру процесіне заманауи педагогикалық технологияларды енгізеді.
Кафедра шетелдің жетекші университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтудің тұрақты жүйесін қалыптастырған, бұл кәсіби құзыреттілікті арттыруға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
2024–2025 оқу жылында кафедра оқытушылары кәсіби-педагогикалық біліктілікті арттыруға арналған курстар мен семинарларға белсенді қатысты. Кафедра меңгерушісі Диана Мұратқызы Акижанованың жетекшілігімен Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы шетелдік спикерлердің қатысуымен «Аударма мектебі» семинарларын табысты өткізді. Шақырылған спикерлер қатарында professor Damjan Popic, ауызша аудармашы Kulshe Mursalim, түркітанушы Meryem Saylak болды.
Жалпы қатысушылар саны 27 адамды құрады, бұл 72 академиялық сағат көлеміндегі сертификаттармен расталды.
Сонымен қатар, Гүлнар Ануарбекқызы Мұратовна ҚР БҒМ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгімен марапатталды. Филология факультетінің көрнекті ғалымдары – филология ғылымдарының докторы, профессор Серіккүл Көпешбайқызы Сәтенова және филология ғылымдарының докторы, доцент Марал Бимендіқызы Амалбекова – Ғылым қызметкерлері күніне орай университет ғылымын дамытуға қосқан зор үлестері үшін Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықовтың Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ Сиряченко Виктория Владимировна диссертациясын сәтті қорғап, 8D02314 – «Әдебиеттану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды.
Есепті кезең ішінде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өз бастамаларымен Қазақстан аумағында өткен әртүрлі конгрестерге, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, конференциялар мен вебинарларға қатысып, баяндамалар жасап, тиісті сертификаттар алды.
Құрметті марапаттар мен тану
Есепті жылы кафедра оқытушылары ведомстволық наградалар мен марапаттарға ие болып, университеттің абыройын лайықты түрде қорғады:
- Кафедра профессоры, филология ғылымдарының докторы М. Б. Амалбекова 2025 ж. 12 сәуірде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Е. Б. Сыдықовтың Құрмет грамотасымен марапатталды;
- Кафедра профессоры, филология ғылымдарының докторы С. К. Сәтенова 2025 ж. 12 сәуірде ЕНУ ректоры Е. Б. Сыдықовтың Құрмет грамотасымен марапатталды;
- Кафедраның аға оқытушысы, PhD-докторы Н. Жұмай 01.11.2024 ж. «Қ. Сәтбаевқа – 125 жыл» төсбелгісімен марапатталды.
Көптілді білім беру
2022–2023 оқу жылынан бастап кафедра ағылшын тілінде оқытатын білім беру бағдарламалары бойынша студенттер даярлауды көздейтін көптілді оқыту бағдарламасын жүзеге асырып келеді.
2024–2025 оқу жылында кафедра ағылшын тіліндегі топтарға үшінші қабылдауды жүргізді.
Оқушылардың жалпы саны 5 адамды құрады, олардың 3-і мемлекеттік грант бойынша, 2-і ақылы негізде оқиды.
