
Халықаралық қатынастар

Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының негізгі басым бағыттарының бірі – дүниежүзілік алдыңғықатарлы ғылыми-зерттеу орталықтары және университтерімен бірыңғай ынтымақтастықты дамытып нығайту. Қазіргі таңда кафедра Еуропа және ТМД елдерімен серіктес, осыған орай әр жылы кафедра студенттері мен магистранттары академиялық ұтқырлық конкурсы нәтижелері бойынша шетелдік университет қабырғаларында білім алу мүмкіндіктеріне ие болды. ЖТБАТ кафедрасы келсідей университеттермен тығыз ынтымақтастықта: Витаутас Магнус университеті, Каунас қ., Литва (Акжигитова П., Карибаева А.); Острава университеті, Острава қ., Чехия (Егиспекова Ж.); Астрахан мемлекеттік университеті, РФ (Нуржангали Н., Бикенова А.); Варшава университеті, Польша (Абдраманов О.); Ополе университеті, Польша (Есиркенова А.); Сеул университеті, Корея (Бейсембева Д.).
Сонымен қатар кафедраның магистранттары мен докторанттары жыл сайын ғылыми-зерттеу тағылымдамасын шетелдік университеттерде өті арқылы олармен екіжақты әріптестік қатынастарды нығайтуда: Тбилиси мемлекеттік университеті, Грузия (Ибрагимова Ж., Калешова М.); И.В.Гете атындағы Франкфурт университеті, Германия (Утеулиева А., Садуакасова А.); ММУ, Мәскеу, РФ; ММЛУ Мәскеу, РФ; ХДРУ (РУДН), Мәскеу, РФ; тілдер бойынша Вашингтон комитеті, АҚШ.
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы келесі ғылыми-зерттеу орталықтары және университтерімен ынтықмақтастықта:
И.В.Гете атындағы Франкфурт университеті, Германия
Витаутас Магнус университеті, Каунас, Литва
Острава университеті, Острава, Чехия
Астрахан мемлекеттік университеті, Астрахан, РФ
Ополе университеті, Ополе, Польша
Тбилиси мемлекеттік университеті, Тбилиси, Грузия
Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу, РФ
Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті, Мәскеу, РФ
Халықтар Достығы Ресей университеті, Мәскеу, РФ
Аударма теориясы және практика кафедрасының негізгі бағыты – әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары мен университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту. Қазіргі таңда кафедра Еуропа, Азия және ТМД елдерінің университеттерімен белсенді қарым-қатынаста болып, студенттер мен магистранттарға академиялық ұтқырлық бағдарламаларына, ғылыми тағылымдамаларға және бірлескен оқу жобаларына қатысу мүмкіндігін береді.
Академиялық ұтқырлық аясында кафедра студенттері жыл сайын шетелдегі серіктес университеттерде білім алып, кәсіби және мәдени көзқарастарын кеңейтеді.
Кафедраның халықаралық ынтымақтастығы
Аударма теориясы және практика кафедрасы келесі университеттермен тығыз академиялық байланыс орнатқан:
Франкфурт университеті, Германия
Витаутас Магнус университеті, Каунас, Литва
Острав университеті, Острав, Чехия
Астрахан мемлекеттік университеті, Ресей
Ополе университеті, Ополе, Польша
Тбилиси мемлекеттік университеті, Грузия
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей
Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті, Ресей
РУДН университеті, Ресей
Сеул ұлттық университеті, Оңтүстік Корея
Вашингтон тіл комитеті, АҚШ
Академиялық ұтқырлық
Аударма теориясы және практикасы кафедрасы бойынша академиялық ұтқырлық бойынша ақпарат. 2023-2024 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында кафедрада Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Корея және Франциядан бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша 16 шетелдік білім алушы білім алуда.
Аударма ісі мамандығының 3 курс студенті Оңал Сая Вроцлав университетінде күзгі семестрде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды.

«Аударма Ісі» мамандығының 2 курс магистранты Теміржан Әмір күзгі семестрде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Чехияның Оломоуц қаласындағы Палацкий Университетінде білім алды.

2024–2025 оқу жылы бойынша академиялық ұтқырлық
Ауыстырулар және ішкі ұтқырлық
2024–2025 оқу жылының басында Қазақстандағы университеттерден 6В02307 – Аударма ісі бағдарламасына студенттер ауыстырылды:
Айым Талгатбекова (Шәкәрім атындағы университет, Семей)
Айкумис Амангелдиева (Астана халықаралық университеті)
Сонымен қатар, 2024 жылғы күзгі семестрде К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен студенттер (Ахмадий Аруна, Избасарова Арайлым, Ганиева Аружан) ішкі академиялық ұтқырлық бойынша қабылданды.
Сыртқы академиялық ұтқырлық (күзгі семестр)
2024 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 10 қаңтарға дейін кафедрада шетелдік университеттердің 7 студенті оқыды: Ош мемлекеттік университеті (Қырғызстан) және Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті.
Шығыс академиялық ұтқырлық (көктемгі семестр)
ENU Ambassador бағдарламасы бойынша кафедра студенттері жетекші шетелдік университеттерде білім алды:
Талғатова Амина (2 курс) – Юскюдар университеті, Түркия
Абдулла Қыдырәлі (3 курс) – Малая университеті, Малайзия
7М02313 – Цифрлық аударма бағдарламасы бойынша:
Қапан Ақсана – Питтсбург университеті, АҚШ (өз қаржысы бойынша)
Жексемби Диара – Адам Мицкевич университеті, Познань, Польша
Кіретін академиялық ұтқырлық (көктемгі семестр)
2025 жылғы көктемгі семестрде кафедрада сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 21 студент, оның ішінде 1 магистрант оқыды.
Студенттер келесі университеттерден келді:
Ош мемлекеттік университеті (Қырғызстан)
Қырғыз халықаралық университеті (Қырғызстан)
Тәжікстан құқық, бизнес және саясат мемлекеттік университеті (Тәжікстан)
Оңтүстік федералды университеті (Ресей)
М. Акмулла атындағы Башқұрстан мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей)
Қазан (Приволжский) федералды университеті (Ресей)
Югра мемлекеттік университеті (Ресей)
Барлық студенттер оқу бағдарламасын сәтті аяқтап, семестр емтихандарын тапсырды.
2025–2026 оқу жылына жоспар
2025–2026 оқу жылы үшін ҚР БҒМ желісі бойынша үш студентка халықаралық академиялық ұтқырлыққа номинацияланды:
Сулейменова Тэмила – Вильнюс университеті, Литва
Катренова Динара – Монс университеті, Бельгия
Асқарқызы Ғазиза – Вильнюс университеті, Литва
Барлық студенттер пән таңдауы бойынша консультациядан өтіп, Learning Agreement және Application Form дайындады, қабылдаушы тараптан растау күтілуде.
Қосымша бағдарламалар
СОП бағдарламасы бойынша Ош мемлекеттік университетінен 9 студентка 4 курсқа ауыстырылды. 2025–2026 оқу жылы үшін оларға жеке оқу жоспарлары әзірленген. Қазіргі уақытта студенттер өндірістік практикадан өтуде:
ОшМУ – 3 студент
Нидерланды бизнес мектебі – 2 студент
Қазақстан аударма агенттіктерінде – 4 студент
