
Қытай филологиясы кафедрасы
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін Қазақстан және Қытай елдері арасындағы қарым-қатынас күн санап нығайып келеді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның еңбек нарығында қытай тілі мамандарына деген сұранысты еселеп арттыра түсті. Осыған байланысты 2011 жылы 13 қаңтар күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының бұйрығы бойынша филология факультеті жанынан қытай филологиясы кафедрасы ашылды. 2015 Жылы тұңғыш түлектеріміз бітіріп, жұмысқа орналасып, магистратураға қабылданды.
Біздің түлектер оқуын бітіргеннен кейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде, Қорғаныс министрлігінде, Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде, «Қазақстан теміржолы», «ҚазМұнайгаз» ұлттық компанияларында, Қазақстан-Қытай біріккен мұнай-газ кәсіпорындарында, ҚР ұлттық компанияларының Қытайдағы өкілдіктерінде жұмыс жасап келеді, сонымен қатар толық мүмкіндігі бар.
Кафедрамыз екі білім бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды:
-6В02311-«Шетел филологиясы: қытай тілі» білім бағдарламасы бакалавры мамандығын алған түлек гуманитарлық білімдер, жалпы тіл білімі мамандықтары бойынша ҚХР-да немесе ЕҰУ-де магистратурада білімдерін жалғастыра алады.
-7М02311-«Шетел филологиясы: қытай тілі» білім бағдарламасы магистратура мамандығын алған түлек гуманитарлық білімдер, жалпы тіл білімі мамандықтары бойынша ҚХР-да немесе ЕҰУ-де докторантурада.
Кафедрамызда 20 шақты профессор-оқытушылар жұмыс істейді, көп сандысы жастар, ұжымда тұрақты жұмыс істейтін ұлты қытай бір оқытушы бар. Кафедра оқытушыларының бәрі де жоғары білікті мамандар, әрі олардың барлығы ҚХР ЖОО-да білім алған. Сондай-ақ, ұстаздар әр жылы Қытайға барып тағлымдамадан өтіп тұрады. Сонымен бірге ҚХР ЖОО-ның білікті мамандары бізге келіп дәріс оқып, өзара тәжірибе алмасып отырады. Қазіргі тағда кафедра бойынша манография 4, оқу құралдары 11-ден асты, халықаралық рейтигі жоғары басылымдарда 5 мақала, ҚРЖҒМ басылымдарында 50 ден аса мақала жарық көрді. Сонымен қатар кафедрада 1-оқытушы ҚХР да постдокторлық бойынша ғылыми зерттеу жасап жатыр.
Қытай филологиясы кафедрасы мен ҚХР Бейжин қаласындағы Ортақ ұлттық университеті, Бейжиң шет тілдер университеті, Сиань шет тілдер университеті, Шанхай университеті, Қытай оңтүстік-батыс университеті, Чжэцзян қаржы және экономика университеті, Линьань университеті, Шэньян университеті, арасында студенттер алмасу бағдарламасы бар. Атталған университеттермен студенттер алмасу бағдарламасы бар. Соңғы 5 жылда осы бағдарлама бойынша 80 де аса студент атталған университтерде тағлымдамадан өтті. Шанхай университетімен «Қос диплом» бағдарламасы жөнінде келісім жасалған, келісім бойынша 6В02311-«Шетел филологиясы: қытай тілі» мамандығы бойынша ЕҰУ-ге қабылданған студент І, ІІ курсын ЕҰУ-де, ІІІ, IV курста Шанхай университетінде оқып, екі жоғары оқу орнының дипломын алып шығады. Қос диплом бойынша алғашқы түлектер бітірді. Сондай-ақ, кафедра Қазақстандағы ҚХР елшілігімен, ЕҰУ-дегі «Конфуцзы» институтымен тығыз байланыста.
