
Кафедра меңгерушісі

Исаев Әбілхан Үкібайұлы
Кафедра меңгерушісі
Жұмыс тел: +7 (7172) 709500
2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетінің «шығыстану» мамандығына түсіп, оны 2007 жылы аяқтады. Білімімді толықтыру мақсатында 2007 жылы өзі оқыған факультеттің магистратурасына «аударма ісі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2010 жылы тәмәмдады. Қытай тілін жақсырақ меңгеру мақсатында 2008 жылдың қыркүйек айынан 2009 жылдың шілде айлары аралығында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының арнайы грантымен Қытай Халық Республикасы Шэньян қаласындағы Шэньян Педагогикалық Университетінде 1 жылдық тілдік тағылымдамадан өтті. 2011 жылы ҚХР үкімет грантына қол жеткізіп Қытай Халық Республикасы Шаңхай қаласындағы Шығыс-Қытай педагогикалық университетіне «саясаттану теориясы» мамандығы бойынша докторантураға қабылданды. 2015 жылы Ph.D дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы №36 лингвистикалық гимназияда қытай тілінің мұғалімі болып бастады. 2010-2012 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасында ұстаздық қызметте болды. 2014 жылдан бері Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс береді.
2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Қытай филологиясы кафедрасының меңгерушісі лауазымын атқарады
