
Ғылыми жұмыс
Қытай филологиясы кафедрасы ғылыми зерттеу жұмысы
Профессорлар мен оқытушылар құрамының біліктілігі мен ғылыми зерттеу басты назарға алынған. Қытай филологиясы кафедрасының оқытушы құрамы Қазақстанда және шет елдерде де кәсіби деңгейлерін арттыру мақсатымен академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысады. Сонымен қатар ғылыми зерттеуді негізгі бағытқа ала отырып қытай тілі және әдебиет саласы бойынша зерттеулер жүргізіп келеді.
Кафедрада қытай лингво-елтану,қытай тіл білімі, қытай тіл әдебиеті, қытай тілін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерінің теориялық және практикалық аспектілерін талқылауға арналған тұрақты ғылыми семинар жұмыс істейді.
Жыл сайын қытай филологяисы кафедрасы «Ғылым және білім» халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында « Қазақ, қытай тілі мен әдебиетінің даму беталысы » қосымша секциясын өткізеді.
2017 жылдан бастап Қазақстан-Қытай қатынастарының өзекті мәселелері мен қытай тілін оқыту әдістері бойынша қытайлық лекторлардың қатысуымен жазғы мектепті ұйымдастырды.
Сонымен қатар, жыл сайын кафедра тілдік емес мамандықтардың студенттеріне арналған қытай тілі танымдық олимпиаданың бастамашысы болып табылады. Соңғы екі жылдан бері олимпиада онлайн түрде өткізіліп келеді.
2022-2023 ж. кафедра оқытушылары 1 монография: Ахметбек Г. «Қытай әдебиет христомасиясы»
2021-2022 ж. кафедра оқытушылары 1 оқу-әдістемелік құрал шығарды: Батаева Ақмарал «қытай тілі граматикалық жатығулары»; 1 монография : Жылқыбекұлы Б. «өлең өзегі» .
2020-2023 оқу жылыдары аралығында кафедрамыздың оқытушлыры ҚХР қытай тілін дамыту орталығы(hanban, Ханбан қытай) ұйымдаструымен жылы сайын өткізлген қытай тілін оқыту курстарына қатысып білім сертификатарын алды. (2020 жылы 4 оқытушы, 2021 жылы 5 оқытушы, 2022 жылы 2 оқтушы. 2023 жылы 2 оқытушы).
2019-2023 оқу жылында кафедра оқытушылары Scopus мен Web of Science базасына енген импакт-факторлы журналдарда 7 мақала жариялады, сонымен қатар РҒЦИ базасына және ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдар тізіміне енген журналдарда және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында жарияланымдар жарық көрді.
Қытай филологиясы кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметін кафедра оқытушылары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
Қытай тарихы мен мәдениеті саласындағы зерттеулер
Қытай әдебиеті саласындағы зерттеулер
Қытай тілін оқыту әдістемесі саласындағы зерттеулер
Қытай грамматикасы саласындағы зерттеулер
Қазақстан мен Қытайдағы поэзия саласындағы зерттеулер
Қазақ тілінен қытай тіліне және қытай тілінен қазақ тіліне аудару саласындағы зерттеулер.
Қазіргі уақытта республикалық және халықаралық деңгейдегі газеттер мен журналдарда жарияланымдар бар.
Диплом тақырыптары (Бакалавриат)
