
Жетістіктер
Кафедра жетістігі
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін Қазақстан және Қытай елдері арасындағы қарым-қатынас күн санап нығайып келеді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның еңбек нарығында қытай тілі мамандарына деген сұранысты еселеп арттыра түсті. Осыған байланысты 2011 жылы 13 қаңтар күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының бұйрығы бойынша филология факультеті жанынан қытай филологиясы кафедрасы ашылды. 2015 Жылы тұңғыш түлектеріміз бітіріп, жұмысқа орналасып, магистратураға қабылданды.
Қытай филологиясы кафедрасы ашылғалы бері қысқа мерзімде әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын Шанхай университетімен қос дипломдық бағдарламасы аясында екі жыл қатарынан мамандар дайындады. Оқу үдерісінің алғашқы екі жылында студенттер ЕҰУ-де білім алып, қалған екі жылында Шанхай университетінде оқиды. Төрт жылдық білім алу бағдарламасын тәмамдаған студенттер екі университеттің диплом үлгілеріне ие болады. Қос диплом бағдарламасына арнайы білім беру бағдарламасы дайындалып, екі жақ тарапынан келісіліп бекітілді.
Біздің түлектер оқуын бітіргеннен кейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде, Қорғаныс министрлігінде, Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде, «Қазақстан теміржолы», «ҚазМұнайгаз» ұлттық компанияларында, Қазақстан-Қытай біріккен мұнай-газ кәсіпорындарында, ҚР ұлттық компанияларының Қытайдағы өкілдіктерінде жұмыс жасап келеді, сонымен қатар толық мүмкіндігі бар.
Кафедрамызда 20 шақты профессор-оқытушылар жұмыс істейді, көп сандысы жастар, ұжымда тұрақты жұмыс істейтін ұлты қытай бір оқытушы бар. Кафедра оқытушыларының бәрі де жоғары білікті мамандар, әрі олардың барлығы ҚХР ЖОО-да білім алған. Сондай-ақ, ұстаздар әр жылы Қытайға барып тағлымдамадан өтіп тұрады. Сонымен бірге ҚХР ЖОО-ның білікті мамандары бізге келіп дәріс оқып, өзара тәжірибе алмасып отырады. Қазіргі тағда кафедра бойынша манография 4, оқу құралдары 11-ден асты, халықаралық рейтигі жоғары басылымдарда 5 мақала, ҚРЖҒМ басылымдарында 50 ден аса мақала жарық көрді. Сонымен қатар кафедрада 1-оқытушы ҚХР да постдокторлық бойынша ғылыми зерттеу жасап жатыр. Жыл сайын кафедра ұстаздары студенттерді «Қытай көпірі» қатарлы әртүрлі тілдік сайыстарға және ұлттық және халықаралық жарыстарға дайындап жібереді. Соңғы үш жылда студенттер өздерін нәтиже ретінде гран-при иегерлері мен жүлделерді үздік нәтижелерімен көрсетті.
ПОҚ қызметінің маңызды бағыты – ол ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады. Қытай филологиясы кафедрасы жыл сайын дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар өткізеді. Осылайша, 2019 жылдың 31 мамырында «Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні және болашағы» атты I Халықаралық конференция өтті. 2020 жылы «Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні және болашағы» II Халықаралық конференциясы да өткізілді. Ал 2021 жылдың 20 сәуірінде қытай тілі халықаралық семинары өтті. Осындай конференциялар мен семинарлардан басқа, кафедра жүйелі түрде ғылыми семинарларды да ұйымдастырады. 2022 жылдың 24 қарашасында PhD Ақбархан Даулетәлі «Бір белдеу- бір жол» жобасы шеңберіндегі Қазақстан мен Қытайдың оқу-ағарту саласындағы ынтымақтастығының нәтижесі» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. 2023 жылдың 9 ақпан күні кафедра доценті Жылкыбекулы Беккожа «Қытай-қазақ поэзиясын бейімдеу тәсілдері» тақырыбында семинар өткізді, ал 20 ақпанда кафедра доценті Ахметбек Гүлжан «Қазіргі қытай тілінің классикалық ежелгі қытай тілінен айырмашылығы мен ерекшелігі» туралы баяндама жасады.
Қытай филологиясы кафедрасы мен ҚХР Бейжин қаласындағы Ортақ ұлттық университеті, Бейжиң шет тілдер университеті, Сиань шет тілдер университеті, Шанхай университеті, Қытай оңтүстік-батыс университеті, Чжэцзян қаржы және экономика университеті, Линьань университеті, Шэньян университеті, арасында студенттер алмасу бағдарламасы бар. Атталған университеттермен студенттер алмасу бағдарламасы бар. Соңғы 5 жылда осы бағдарлама бойынша 80 де аса студент атталған университтерде тағлымдамадан өтті. Шанхай университетімен «Қос диплом» бағдарламасы жөнінде келісім жасалған, келісім бойынша 6В02311-«Шетел филологиясы: қытай тілі» мамандығы бойынша ЕҰУ-ге қабылданған студент І, ІІ курсын ЕҰУ-де, ІІІ, IV курста Шанхай университетінде оқып, екі жоғары оқу орнының дипломын алып шығады. Қос диплом бойынша алғашқы түлектер бітірді. Сондай-ақ, кафедра Қазақстандағы ҚХР елшілігімен, ЕҰУ-дегі «Конфуцзы» институтымен тығыз байланыста.
Студентердің ғылым саласындағы қол жеткізген жетістіктері:
ИФК-32 тобының студенті Тукешова А. республикалық пәндік олимпиадада жүлделі 2 орынды иеленді. (2018).
ШФҚ-31 тобының студенті Асқарбай А. республикалық пәндік олимпиадада жүлделі 2 орынды иеленді. (2019).
ШФҚ-31 тобының студенті Асқарбай А. республикалық пәндік олимпиадада жүлделі 2 орынды иеленді. (2020).
ШФҚ-31 тобының студенті Абдразақ Нұрзада. республикалық пәндік олимпиадада жүлделі 2 орынды иеленді. (2021).
ШФҚ-31 тобының студенті Кемербай Нұржанар. республикалық пәндік олимпиадада жүлделі 2 орынды иеленді. (2022).
Кафедра оқытушыларының жетістіктері мен біліктіліктерін арттыруы

























