
Шетел филологиясы кафедрасы
Шетел филология кафедрасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті филология факультетінің құрылымдық бөлімі және Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» заңына, «Тілдер туралы» заңына, «Ғылым туралы» заңына, тілдік білім беру тұжырымдамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Шетел филологиясы кафедрасының миссиясы, пайымы және құндылықтары
Шетел филологиясы кафедрасының миссиясы мен пайымын айқындау Қазақстанның қазіргі тіл саясатының маңызы аясында шетел филологиясы және шетел тілдері саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау басым бағыттар болып табылатындығымен айқындалған.
Кафедра өзінің негізгі міндетін шетел тілдерін білетін, педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас дағдыларын меңгерген, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бәсекеге қабілетті және сауатты мамандарды сапалы даярлауды көздейді.
Пайымдауы: шетел тіл лингвистикасы және әдебиеттану, сондай-ақ қазіргі заманғы лингводидактика салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер негізінде озық білім ментехнологияларды жүйелі алуға бағытталған ғылыми әлеуетті қалыптастыру және күшейту бакалаврлардың, магистрлердің және PhD-дің бәсекеге қабілетті және құзыретті түлектерін сапалы даярлау мақсатында профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-білім беру қызметін дамыту үшін жағдай жасауға құрылады.
Шетел филологиясы кафедрасының бүкіл білім беру, тәрбие және ғылыми зерттеуқызметінің негізіне айналатын құндылықтар Қазақстан Республикасының, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің және филология факультетінің ұлттық білім беруді дамыту саласындағыөзекті басымдықтарға бағытталған. Корпоративтік мәдениетті дамыту, сапалы оқытуға тұрақтыынталандыру, оқыту мазмұнын жетілдіруге ұмтылу, ПОҚ-ның үздік когортын қалыптастыру, өңірдегі орта мектептердің үздік түлектерін және елордалық білім беру ұйымдарын тарту, халықаралық байланыстарды кеңейту және еңбек нарығының талаптарын зерделеу бастыназарға алынады.
Шетел филологиясы кафедрасының мақсаттары
Мақсат 1. «6В02310 – Шетел филологиясы» (ағылшын тілі), «6В01720 – Шетел тілі: екі шетел тілі (Неміс тілі)», «7M023– Шетел филологиясы», «8D02310 – Шетел филологиясы»,«8D01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру.
Мақсат 2. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту, Web of Science, Scopus ғылымометриялық базаларында Шетел филологиясы кафедрасы ғалымдарының жариялануы мен дәйексөзділігін арттыру.
Мақсат 3. Халықаралық байланыстарды нығайту, шетелдік әріптестермен бірлескен білім беру бағдарламаларын қалыптастыру, шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен оқытушылар мен студенттердің толыққанды алмасуын ұйымдастыру.
Мақсат 4. Шетел филологиясы кафедрасының әлемдік еңбек нарығындағы шет тілі бағытындағы перспективалық ғылыми-білім беру орталығы ретінде жайғастырылуы.
Мақсат 5. Кафедра профессор-оқытушылар құрамының, докторанттардың, магистранттардың және студенттердің жеке тұлғалық, шығармашылық және кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау.



