
Кафедра меңгерушісі

БАЙДРАХМАНОВ ДОСЫМ ХАСЕНҰЛЫ
Кафедра меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: Педагогика ғылымының кандидаты
e-mail: baidrakhmanov_dkh@enu.kz
Жұмыс тел.: +7 (7172) 709500 (ішкі 32-302)
Байдрахманов Досым Хасенұлы 2010 жылдың 9 желтоқсанында Еуразия гуманитарлық институтының БД-14.50.09 біріккен диссертациялық кеңесінде педагогика ғылымдары бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2009 жылдың сәуір және қыркүйек айлары аралығында Президенттік Болашақ бағдарламасымен Ұлыбританияда, Лондонның Университет Колледжінде академиялық оқуды тәмәмдады. 2009-2010 оқу жылында Ұлыбританияның Ноттингем университетінің магистратурасының «Білім беру саласындағы басқару» магистрі дәрежесін алды. Жас Ғалымдарға берілетін 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Стипендияның иегері.
2017 жылы «ҚР білім саласының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атанды. 2017 жылғы «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері. 2018 жылдың мамыр және маусым айларында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде кәсіби біліктілігін көтеру курсынан өтті. 2023 жылғы қыркүйек айынан 2024 жылғы қыркүйек айына дейін Ланкастер университетінде (Ұлыбритания) «500 ғалым» бағдарламасы аясында («Болашақ») ғылыми тағылымдамасын тәмәмдады.
