
Материалдық-техникалық база
Шетел филологиясы кафедрасы Қажымұқан көшесі 11 мекен-жайы бойынша ЕҰУ № 5 оқу-зертханалық корпусының 222 кабинетінде орналасқан. Кафедра 15 компьютер, 2 ноутбук, 1 сканер, 2 проектор және 4 принтермен қамтылған. Білім алу үдерісін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын ресурстар жеткілікті.
Кафедраның қарамағында 10-20 орынға арналған 6 оқу аудиториясы, оның ішінде 2 оқу аудиториясы (№223, №324), 4 лингафон кабинеті (№310, 311, 328, 329) бар.
№ 223 оқу аудиториясы тікелей кафедраның жанында орналасқан. Ол компьютерлік жабдықтармен және теледидар панелімен жабдықталған. Кабинет кафедра студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының оқу сабақтары мен жеке ғылыми қызметіне арналған.
№ 324 Г.Әлиевтің атаулы аудиториясы. Аудитория моноблок, кіріктірілген проектормен жабдықталған. Кабинет кафедра студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының оқу сабақтары мен жеке ғылыми қызметіне арналған.
№328 лингафон кабинеті интерактивті кешенмен (1 дана), моноблоктармен (17 дана), құлаққаптармен (17 дана) және интернетпен жабдықталған. Аудиторияның сыйымдылығы-16 орын. Лингафон кабинеті оқу практикалық сабақтарына арналған.
№329 лингафон кабинетінде кіріктірілген проектор, компьютер және теледидар панелі бар. Кабинетте оқу, ғылыми және анықтамалық әдебиеттердің шамамен 1000 бірлігі бар кафедра кітапханасы орналасқан.



№310, №311 лингофон кабинеттері 12-18 орынға арналған. Компьютермен және арнайы жабдықтармен жабдықталған. Кабинеттер кафедра студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының оқу сабақтары мен жеке ғылыми қызметіне арналған.
