
Орыс филологиясы кафедрасы
Кафедраның тарихы өз бастауын 1962 жылдан алады. Елу жылдан көп уақыттан бері кафедраның ғылыми-педагогикалық қызметі орыс тілі мен әдебиеті және Қазақстанда орыс тілінен білім беру әдістемесін меңгерген мамандар даярлау мақсатында жүзеге асырылады.
2012 жылдан бастап кафедра жаңа құрамда өз жұмысын бастады. Кафедра меңгерушісі – филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрғали Қадиша Рүстембекқызы.
Кафедрада білім беру әртүрлі бағыттағы және деңгейдегі 40 пән бойынша жүзеге асырылады.
Бакалаврларды даярлау екі білім беру бағдарламасы: «Филология: орыс филологиясы» және «Орыс тілі мен әдебиеті» бойынша жүзеге асырылады. Атап айтқанда, кафедраның ПОҚ аталған мамандықтардың әдебиеттану бөлімі бойынша білім береді.
Кафедра жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алатын ғылыми-педагогикалық кадрлар – орыс тілі мен әдебиеті магистрларын, филология магистрларын, филология PhD докторларын даярлауға қатысады.
Аталмыш бағыттар бойынша кафедра көркем шығармаларды әдеби талдаудағы өзекті мәселелер мен әдебиеттану пәндері әдістемесі бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді.
Орыс тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесін жақсарту. Кафедра университеттегі барлық қазақ тілді мамандықтарға «Орыс тілі» мен «Кәсіби орыс тілі» міндетті пәндерін оқытуды қамтамасыз етеді. Кафедра орыс тілі мен кәсіби орыс тілі пәндерінен оқу құралдары сериясын, пәндердің тақырыптары бойынша әдістемелік ұсыныстар, студенттердің білімін бағалау үшін ағымды бақылауға арналған тест тапсырмаларын дайындады.
Орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінін мамандандыру. Аталмыш облыс бойынша кафедра өз жұмысын жақсартуда. Кафедра ұжымы басқалармен қоса осы ғылыми бағытқа да басымдық береді.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің шетелдік жоғарғы оқу орындарымен халықаралық байланысының кеңеюіне және орыс тілін меңгерудегі білім беру қызметіне сұраныс артуына байланысты кафедра «Студенттердің академиялық ұтқырлығы» халықаралық бағдарламасының жүзеге асырылуына атсалысуда. Мысалы, университетте орыс тілінің В1 және В2 деңгейлерін (халықаралық стандарт бойынша) Польша, Қытай, Корея, Ауғанстан, Өзбекстан, Моңғолия мемлекеттерінен келген шетелдік студенттер меңгеруде. Аталған ғылыми-педагогикалық облыс бойынша кафедраның біліктілігін арттыру мақсатында университет әлемнің бірқатар елдерінен шетелдік профессорларды шақырады.
Кафедра оқытушылары ҚР білім және ғылым Министрлігі ұйымдастыратын «Жылдың үздік мұғалімі» конкурстарының жеңімпаздары және әртүрлі халықаралық қорларының грант иегерлері болып табылады. Сонымен қатар, кафедраның ОПҚ-да ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері,
«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісі, Ы. Алтынсарин төлбелгісі сынды марапаттар мен атақтар бар.
Кафедрада "Орыс әдебиеті жастар арасында" атты студенттік ғылыми қауымы және әдеби үйірме жұмыс істейді.
Біздің әлеуметтік парақшалар
