
Кафедра меңгерушісі

НҰРҒАЛИ ҚАДИША РҮСТЕМБЕКҚЫЗЫ
Кафедра меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: Филология ғылымдарының докторы
Ғылыми атағы: Профессор
E-mail: nurgalik1@mail.ru
Жұмыс тел: +7(7172) 709500
Қазақстанда және алыс-жақын шет елдерде орыс және ағылшын тілдерінде 150-ден аса ғылыми мақалалары жарияланды, оның ішінде импакт-факторға ие рейтингі жоғары ғылыми басылымдар да бар.
Ғылыми қызығушылығы: ХХ ғасыр орыс әдебиетінің тарихы, компаративистика, қазақ әдебиеті.
«Славистика» (Грузия, Кутаиси қаласы), «Русский язык и литература в Азербайджане» (Азербайджан, Баку қаласы), «Керуен» (ҚР ҒА М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының журналы, Алматы) журналдары редколлегиясының мүшесі.
«Тәуелсіздік мұраттарын қалыптастырудағы қазіргі қазақ драматургиясының эстетикалық-әлеуметтік функциясы» (2010, 2011) жобасының жетекшісі; халықаралық және республикалық деңгейдегі бірқатар ғылыми жобалардың қатысушысы.
Франция, Жапония, Корея, Америка, Испания, Германия, Чехия, Венгрия, Польша, Греция, Түркия, Қытай, Ресей, Грузия, Әзербайжан, Ұлыбритания елдерінде өткен конференция, симпозиум, конгресс, семинарлардың қатысушысы.
Печ университетінде (Венгрия, Печ қаласы, 2007ж.), Париж-Х университетінде (Франция, Париж қаласы, 2011, 2016ж.ж.), Нидерландта (Роттердам, Маастрих, 2015) ғылыми тәжірибеден өтті.
Марапаттары мен атақтары:
Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері (2003);
Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері (2006);
«ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2006).
«ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2015).
«Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына үлесі үшін» төсбелгісінің иегері (2016)
«За вялikiуклад у лiтературу» төсбелгісінің иегері Беларусь Республикасы, (2016)
«Пушин и Мицкевич» польшалық орыс тілі мамандарының ассоциясының «За пропаганду русского языка в мире» төсбелгісінің иегері, Польша,2017.
