
2022-2023 оқу жылында оқытылатын пәндер
Кафедра университет факультеттерінің орыс бөлімінде мемлекеттік тілді оқыту қызметін атқарады. Оқудың бакалавр сатысында практикалық қазақ тілі пәнін оқытады.
Қазақ тілі бір оқу жылында 6 кредит – әр семестрде 3 кредиттен оқытылады: практикалық сабақ – 90 сағат, БӨЖ сағаты – 180.
Тарихы
Практикалық қазақ тілі кафедрасы 1989 жылы Ақмола педагогика институты қазақ тілі кафедрасының базасында ашылды.
1990 жылы Ақмола педагогика институтында, Целиноград инженер-құрылыс институтында практикалық қазақ тілі кафедралары құрылды.
1996 жылғы 23 мамырдағы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола педагогика институты мен Целиноград инженер-құрылыс институты (ЦИҚИ) негізінде Еуразия университеті құрылды. Осы оқиғаға байланысты екі ЖОО кафедралары практикалық қазақ тілі кафедрасына біріктірлді.
2000 жылы университет құрылымындағы өзгерістерге байланысты және ғылыми әлеуетін нығайту мақсатында кафедра қазақ тіл білімі кафедрасының құрамына енді.
2002 жылдың 1 қыркүйегінен бастап гуманитарлық институт құрамында практикалық қазақ тілі кафедрасы өз алдына жеке кафедра ретінде қайтадан құрылды.
2006 жылы гуманитарлық және жаратылыстану-техникалық бағыттағы практикалық қазақ тілі кафедралары болып екіге бөлінді.
2008 жылдан бастап практикалық қазақ тілі кафедрасы.
Целиноград мемлекеттік педагогика институтында практикалық қазақ тілі курсы алғаш 1988 жылдан қазақ филологиясы кафедрасы базасында оқытыла бастады (Ш.Қ.Мертешова естелігінен, 2012).
