
Халықаралық қатынастар

Жыл сайын Моңғолия, Қытай мемлекеттерінен басқа алыс-жақын шет елдерден Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дайындық бөлімшесіне жастар келіп түседі.
2021-2022 оқу жылында – 201
2020-2021 оқу жылында – 147
2019-2020 оқу жылында 165
«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын» жүзеге асыру мақсатында халықаралық ынтымақтастық бөлімі практикалық қазақ тілі кафедрасымен бірге шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының студенттерін шақыруымен бірқатар маңызды тапсырмаларды орындады.
Мамандардың білім технологияларын, кәсіби дайындығы және біліктілігін көтеруді жетілдіру мақсатында кафедра шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық оқу және ғылыми байланыстарды үзбей сақтап отырады:
- Сиань шет тілдер университеті (СШТУ, Қытай)
- Мәскеу мемлекеттік лингвистическа университеті (МГЛУ)
- Гумбольдт атындағы Берлин университеіт (Германия)
- Ресей халықтар достығы университеті (РХДУ, Мәскеу)
- Қазан (Еділ) Федералды университеті (Татарстан, РФ)
- Джамия Миллия Исламия университеті (Дели, Үндістан)
- Ереван мемлекеттік университеті (ЕМУ, Армения)
Қазіргі кезде кафедраның 2 оқытушысы Қытай мен Ресейде қазақ тілінен сабақ беріп жатыр. Олар – Г.Б. Оспанқұлова (СИУЯ, 2017 жылдан), К.Т. Шахатова (МГЛУ, 2015 жылдан).
Шетелдік ЖОО-лардың студенттерімен, магистранттарымен және оқытушыларымен білім алмасу жүргізіледі.
2022-2024
Дайындық бөлімі. Кафедра сервистік тәртіпте жұмыс істей отырып университеттің Дайындық бөліміне шетелдік білім алушылар тарту ісін жүйеге келтірді. Аталған бөлім жұмысын жандандыру мақсатында жыл сайын алыс-жақын шетелдермен байланыс орнатады. Нәтижесінде Ресей федерациясы, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Түркіменстан т.б. елдерден келген тыңдаушылар бөлімді тәмамдап, университетіміздің әртүрлі факультеттеріне оқуға түсіп студент атанды.
2022-2023 оқу жылында 465 тыңдаушы түсті
2023-2024 оқу жылында 450 тыңдаушы түсіп білімдерін жалғастыруда
Шетелдік сарапшылардан сауалнама алу. Кафедраның оқытушы-профессор құрамы АҚШ-тың Аризона штатымен, Түркия, Қытай, Түркіменстан, Эстония Ресей Федерациясы, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақсан елдеріндегі әріптестермен ынтымақтастық байланыс орнату нәтижесінде QS университеттерінің әлемдік рейтингі үшін оқу ордамыз туралы сауалнамалар жүргізді:
2022-2023 оқу жылында 135 сарапшы
2023-2024 оқу жылында 120 сарапшымен жұмыс жүргізілді
