
Ғылыми конференциялар

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті ғалымдар!
Сіздерді 2026 жылдың 8 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30-жылдығына арналған «Тіл. Мәдениет. Аударма: цифрлық дәуірдегі мәдениетаралық қарым-қатынас» атты III халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның негізгі мақсаты:
Аударма, тіл және мәдениет салаларының өзара ықпалдастығын дамыта отырып, мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайтуға, цифрлық дәуірдегі аударма саласына қатысты инновациялық технологиялар мен озық тәжірибелерді таратуға, халықаралық ғылыми-академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және білім алушылар мен жас ғалымдардың осы бағыттағы зерттеулерге белсенді қатысуын ынталандыруға бағытталған тиімді ғылыми-практикалық платформа қалыптастыру.
Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Аударма және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері;
2. Аударма мен шет тілдерін оқыту әдістемесіндегі инновациялық технологиялар;
3. Жасанды интеллект және мультимедиялық аударма.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын;
Қатысу форматы: гибридті (оффлайн және онлайн, MS Teams);
Конференцияны ұйымдастырушы: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультеті аударма теориясы мен практикасы кафедрасы.
Конференцияның өткізілу мерзімі:
Мақалалар мен өтінімдерді жіберу: 2026 ж. 2 сәуіріне дейін
Мақалаларды іріктеу: 2026 ж. 3-6 сәуір
Іріктеу нәтижелері туралы хабарландыру: 2026 ж. 7 сәуір.
Конференцияға қатысу үшін өтінімді https://docs.google.com/forms/d/1du8D2yovpU9f4cUS3z88Kse0kc2CjXdDFx0Vozi-FSE/edit сілтемесі арқылы толтыру қажет. Мақала мен төлем түбіртегін lctconferenceenu@gmail.com электронды поштасына жіберу қажет. Мақала мәтіні үлгі бойынша толтырылып, мақала файлы (бірінші) автордың тегімен аталуы тиіс (мысалы, Арманов_мақала; Арманов_түбіртек).
Конференция материалдарының жинағы: Конференция нәтижесі бойынша бір ай ішінде ISBN тіркелген электронды жинақ басылымға шығады. Конференция жинағына ұсынылған материалдардың мазмұнына авторлар жауапты.
Ұйымдастыру комитеті материалдарды жариялау үшін іріктеу құқығын өзіне қалдырады.
Конференцияға қатысу және мақала жариялау жарнасы – 3700 теңге (бір мақала үшін). Шетелдік авторлар үшін (бірлескен авторлықты есептемегенде) қатысу және мақала жариялау ТЕГІН.
Мақалалар үшін төлемді «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы да жасауға болады.
Kaspi.kz → Төлемдер → Білім → Қосымша білім →
Қаланы таңдаңыз (Астана) → Ұйымды таңдаңыз (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) → Төлем түрі (Конференциялар, УДК) → Факультет (Филология)
1. Автордың толық аты-жөні
2. Автордың ЖСН-і
3. Түсініктеме (LCT conference 2026)
4. Құны: 3700 тг.
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар
1. Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде қабылданады.
2. Мақала көлемі MS Word редакторымен терілген 2000-5000 сөз, бет форматы – А4, қаріп - Times New Roman, кегль - 14, жиектері барлық жағынан – 2 см, жоларалық интервал – 1, шегініс – 1,25.
3. Мақаланың файлы автордың тегімен аталуы қажет. Бір автор екіден артық (соның ішінде бірлескен авторлықта) мақала жариялай алмайды.
4. Мақала мәтіні қатесіз, тексеріліп жіберілуі керек. Беттің жоғарғы сол жақ бұрышында қою қаріппен ҒТАХР көрсетіледі (http://grnti.ru). Бір жолдан кейін орташа туралаумен кіші қою қаріппен ортада автордың (авторлардың) аты-жөні мен тегі жазылады, төменде курсивпен – жұмыс (оқу) орны, қала, ел, ORCID нөмірі, төменде – автор(лар)дың электронды поштасы (бірнеше автор болған жағдайда хат-хабар үшін автор * (жұлдызша) белгісімен көрсетіледі). Екі интервалдан кейін мақаланың атауы бас әріппен, қою қаріппен, ортасында, нүктесіз жазылады.
5. Бір интервалдан кейін мақала мәтіні орналастырылады. Мақала IMRAD құрылымы бойынша құрылады: кіріспе, зерттеу әдістері, нәтижелер/талқылау, қорытынды.
6. Мақаланың рәсімделуі APA стиліне (мақала мәтініндегі және әдебиеттер тізіміндегі жұмыстар) сәйкес болу қажет. Әдебиеттер мен деректер тізімі мақаланың соңында және мәтінде алфавиттік ретпен беріледі. Одан кейін әдебиеттердің латын қарпімен транслитерацияланған нұсқасы беріледі.
7. Аңдатпа мен түйін сөздер қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде беріледі.
8. Материал плагиатқа тексеріледі және түпнұсқалықтың шекті пайызы 70% құрауы керек.
Ескерту: Талаптарға сәйкес рәсімделмеген мақалалар басылымға қабылданбайды
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ
ҒТАХР
А.Б. Арманов1*, Б.И. Бектасов2
1Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан. ORCID: 0000-0000-0000-0000. E-mail: armanov@mail.ru
2Торайғыров Университеті, Павлодар, Қазақстан. ORCID: 0000-0000-0000-0000.
E-mail: bektassov@mail.ru
АУДАРМА ҚОЛЖАЗБАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ КӨРІНІСІ
Аңдатпа: (100-250 сөз)
Түйін сөздер: (5-7 сөз немесе сөз тіркесі)
Кіріспе
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін
Зерттеу әдістері
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін
Талқылаулар мен нәтижелер
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін
Қорытынды
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін
Әдебиеттер тізімі
1. Тарақов, Ә., Жақсылықов, А., Мұсалы, Л. & Адаева, Е. (2013). Аударма теориясы: оқу құралы. Қазақ университеті.
2. Алшинбаева Ж., Оспанова З., & Жолдабаева A. (2024). Аудиодекрипцияны жасау принциптері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы, 149(4), 210–216. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-210-216
References
3. Tarakov, A., Zhaksylykov, A., Musaly, L., & Adayeva, E. (2013). Audarma teoriyasy: Oku kuraly [Translation theory: Textbook]. Kazak universiteti.
4. Alshinbayeva, Z., Ospanova, Z., & Zholdabayeva, A. (2024). Principles of creating audio description. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Philology Series, 149(4), 210–216. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-210-216
Авторлар жайлы мәлімет (үш тілде):
Арманов А.Б. – филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Астана, Қазақстан. E-mail: armanov@gmail.com, ORCID: 0000-0000-0000-0000.

