
«Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың II турының I кезеңінің нәтижелері











2026 жылғы 17 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша (ағылшын тілі секциясы, орыс бөлімі) Республикалық пәндік олимпиаданың II турының I кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды студенттерді анықтау және қолдау, олардың жазбаша және ауызша аударма саласындағы кәсіби құзыреттерін дамыту, сондай-ақ аударма қызметіне деген қызығушылығын арттыру.
Республикалық пәндік олимпиаданың II турының I кезеңіне Қазақстан Республикасының 18 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты (Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент, Түркістан, Петропавл, Қарағанды, Атырау).
I кезең аясында қатысушылар орыс тілінен ағылшын тіліне жазбаша аударма тапсырмасын орындады. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік қатысушыларды анықтап, Республикалық пәндік олимпиаданың II турының келесі кезеңіне 34 қатысушыны өткізді.
Қатысушылар I кезеңнің нәтижелерімен төмендегі сілтеме арқылы таныса алады:
Апелляция
Қатысушылар I кезеңнің нәтижелері бойынша апелляцияны 2026 жылғы 17 сәуір күні сағат 21:00-ге дейін бере алады. Көрсетілген уақыттан кейін жолданған өтініштер қаралмайды.
Апелляция бойынша өтініштер 18 сәуір күні офлайн форматта сағат 08:00-ден 09:30-ға дейін 305-аудиторияда қарастырылады.
Апелляция бойынша өтініштерді төменде берілген сілтеме арқылы жолдауға болады:
