
Филология факультетіндегі жастарды діни экстремизм мен терроризмнің қауіптерінен сақтау жұмыстары





2026 жылы 17 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Ә.Т.Қожаеваның ұйымдастыруымен «халықаралық қатынастар», «шығыстану» мамандықтарының 1-курс студенттері арасында «Ғаламтордан келер қауіп: діни экстремизм және терроризм» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты студенттерге интернеттегі қауіпті ақпараттар туралы түсінік беру, діни экстремизм мен терроризмнің зиянын түсіндіру, сондай-ақ жастарды теріс ағымдардың ықпалынан қорғау және олардың сыни ойлау қабілетін дамыту болатын.
Іс-шара барысында студенттермен еркін форматта әңгіме жүргізілді. Алдымен интернеттің пайдасы мен зияны туралы пікір алмасу ұйымдастырылды. Студенттер өз ойларын ашық айтып, интернеттің күнделікті өмірдегі маңызына тоқталды.
Тақырыпқа байланысты түрлі пікірлер айтылып, өзара сұрақ-жауап арқылы талқылау жүргізілді. Бұл студенттердің қызығушылығын арттырып, мәселені тереңірек түсінулеріне мүмкіндік берді.
Қорытындылай келе, бұл тәрбие сағатының маңызы зор болды. Себебі қазіргі жастардың интернетті белсенді қолданатынын ескерсек, олардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі.
