
«Ақыл – Дос» оқу орталығында шетел филологиясы кафедрасының филиалының салтанатты ашылуы өтті.
#ENUscience
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
15.04.2026 30

Филиалды құрудың мақсаты – білікті кадрларды даярлауды жақсарту, оқу процесінің практикалық бағыттылығын арттыру, сондай-ақ осы филиалда дипломдық жұмыстар тақырыбына байланысты бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, студенттердің кәсіби практикасын ұйымдастыру және өткізу мүмкіндігін беру.
Кафедра филиалы – бұл студенттердің білімін тереңдетіп, практикалық дағдыларды алатын және оларды жылдам дамып келе жатқан әлемде қолдана алатын орын. Кафедра мен «Ақыл – Дос» оқу орталығының ынтымақтастығы шетел филологиясы саласында жоғары білікті мамандарды даярлауда маңызды үлес қосады. Іс-шараға «Ақыл – Дос» оқу орталығының директоры А.Е. Туякова,яыч оқытушылар Г.Н. Жаманаева, Г.Е Ерік сондай-ақ шетел филологиясы кафедрасының студенттері қатысты.
Бөлісу:
