
«Адалдық алаңы: жастар және құқықтық мәдениет» атты дөңгелек үстел өтті







2026 жылы 10 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасының оқытушылары Л.Б. Байболат пен Д.С.Ілиясованың ұйымдастыруымен «Адалдық алаңы: жастар және құқықтық мәдениет» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел мақсаты – білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру.
Іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Әдеп» жобалық кеңесінің жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Нұғыманов Еркебұлан Еркінұлы арнайы шақырылып қатысты. Е.Е.Нұғыманов қазіргі таңда жастардың құқықтық мәдиетіне, құқықтық нормативтерді білмейтіндіктерін оны сақтауға немқұрайды қарайтындығы, оның салдары жемқорлыққа әкелетіндігіне тоқталды. Сонымен қатар құқықтық мәдениеттілікті қалыптастыруда отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын, әлемдік жаһандану заманында алаяқтардың, интернет алаяқтардың, ұрлықтың, қоғамдық ортада, көшеде өзін-өзі ұстаулары, әдептілікті сақтауға, университет аумағында, университет оқытушыларына, қызметкерлеріне, бір-біріне деген құрмет пен әдептілікті сақтауға шақырды.
Дөңгелек үстелдің әсерлі өтуіне атсалысқан саясаттану мамандығының 1-курс білім алушылары Агитаева Жұлдыз, Айтмұхамедғали Нұрсұлтан іс шараны жүргізіп, Алигожина Даяна, Бақдәулетова Құралай, Алькеева Малика, Қуат Қарақат, Рахимова Гаухар, Қалдарбек Мансұр, Айтымбетова Малика сұрақтарға жауап беріп, ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар Ерикова Аяулым, Жаңабай Ерсұлтан, Қали Инсар, Айтеев Алихан қоғамда белең алып отырған жемқорлықтың адам өміріне, экономикаға, қоғамға тигізер залалдары туралы өз ойларын ортаға салып, жағдаяттық тапсырманы орындау барысында мысалдармен жеткізе білді.
Дөңгелек үстел тартымды, ой салатын, қызықты әрі әсерлі өтті. Білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру мақсатында өткізілген шара соңында практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Ләззат Байқоңырқызы қорытынды сөз сөйлеп, кездесу қонағы Еркебұлан Еркінұлына, белсенділік танытқан саясаттану мамандығының білім алушыларына алғыс білдірді.
