
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы зерттеушілерді біріктірді.



















2026 жылғы 10 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Аударма теориясы мен практикасы кафедрасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Аударма және мәдениетаралық коммуникация кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Аударматанудағы заманауи ғылыми зерттеулер» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.
Іс-шара Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың 85 жылдығына арналды.
Семинар гибридті форматта өтіп, қазіргі аударматану мәселелерімен айналысатын докторанттарды, жас ғалымдарды, оқытушылар мен зерттеушілерді біріктірді. Семинардың жұмыс тілдері қазақ, орыс және ағылшын тілдері болды.
Қатысушыларға ұйымдастырушылар құттықтау сөз сөйлеп, аударматану саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытудың және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар бағдарламасы аясында аударматанудың заманауи үрдістері мен аударманың теориясы және практикасының өзекті мәселелеріне арналған баяндамалар ұсынылды. Қатысушылар туристік контенттің мәдени репрезентациясы, Қазақстандағы аудиовизуалды аударма, соматикалық және фразеологиялық лексиканы аудару ерекшеліктері, көркем аудармадағы ұлттық колоритті жеткізу, сондай-ақ қазіргі америкалық проза мен медиамәтіндерді аударудың лингвомәдени аспектілері мәселелерін талқылады.
Пікірталас барысында қатысушылар ұсынылған зерттеулердің жоғары ғылыми деңгейін, таңдалған тақырыптардың өзектілігін және алынған нәтижелердің практикалық маңызын атап өтті. Семинар тәжірибе алмасудың, аудармаға қатысты заманауи тәсілдерді талқылаудың және жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейтудің тиімді алаңына айналды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы уақытта бірлескен ғылыми кездесулерді жалғастыруға және аударматану саласындағы зерттеу жобаларын дамытуға қызығушылық білдірді.
