
Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Керимбаева Камила Керимкуловнаны (PhD) ғылыми дәрежесі дипломын алуымен құттықтаймыз!

Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Керимбаева Камила Керимкуловнаға «8D02305 – Филология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің дипломын салтанатты түрде табысталды.
Кафедра ұжымы Камила Керимкуловнаның бұл жетістігімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл айтулы жетістік оның ғылым жолындағы табанды еңбегінің, кәсіби шеберлігінің, терең білімі мен ғылыми ізденіске деген адалдығының айқын нәтижесі. Камила Керимкуловна өз еңбегі арқылы тек жеке кәсіби белеске жетіп қана қоймай, кафедрамыздың ғылыми әлеуетін арттыруға, жас мамандарға үлгі болуға зор үлес қосып отыр.
Бұл жетістік шетел тілдері кафедрасының ортақ қуанышы деп білеміз және алдағы уақытта да ғылым мен білім саласында жаңа табыстарға жете беретініңізге кәміл сенеміз.
Кафедра ұжымы Камила Керимкуловнаға алдағы ғылыми қызметінде тың идеялар мен нәтижелі жобалар, шығармашылық шабыт пен толағай табыстар серік болсын дей отырып, ғылыми шыңдарды бағындыру жолындағы қадамының әрдайым нық болып, жаңа жетістіктерге жетелей берсін деп тілейді!

