
Республика күніне арналған «Атамекен» атты ән-жыр кеші өтті

2026 жылы 19 қазанда практикалық қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне арналған «Атамекен» атты ән-жыр кеші өтті.
Кешті жүргізушілер Серікбай Фариза мен Сырлыбай Әбдіуали Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерімен бастады. Кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, Қадыр Мырзалиевтің, Мұқағали Мақатаевтың Жұбан Молдағалиевтің Отан, туған жер туралы өлеңдері оқылды.
«Қазақстанды қаншалықты білесің?» блиц-сайысы, ел мен жер, бірлік пен ерлік туралы мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылды. Сонымен бірге студенттер Әділет Рахметолла дайындаған «Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі келбеті» атты бейнероликті тамашалады.
Патриоттық ән-жыр кеші — жастардың рухын оятып, олардың бойында өз еліне, жеріне, тарихына деген мақтаныш сезімін тудырып, Отанды сүюдің, оны қорғаудың қасиетті міндет екенін ұғындырды.
