
ЕҰУ Филология факультетінде «Ашық есік күні» өтті

2026 жылғы 17 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Филология факультетінде талапкерлерге арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы онлайн форматта өтті.
Іс-шараның мақсаты – талапкерлерді факультеттің білім беру бағдарламаларымен, оқу үдерісінің ерекшеліктерімен, академиялық мүмкіндіктерімен және студенттік өмірімен таныстыру, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға кәсіби бағдар беру.
Кездесу барысында Филология факультетінің кафедра меңгерушілері сөз сөйлеп, білім беру бағдарламаларының мазмұны, мамандықтардың ерекшеліктері, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы және түлектердің кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандықты таңдау жөнінде бағыт-бағдар алды.
Іс-шараға еліміздің бірнеше өңірінен мектеп оқушылары қатысты. Атап айтқанда, Абай облысы, Семей қаласындағы № 51 жалпы орта білім беретін мектептің, Ақтөбе қаласындағы Фариза Оңғарсынова атындағы № 41 мектеп-гимназиясының, Ақмола облысы, Зеренді ауданындағы Қызылтаң жалпы орта білім беретін мектебінің, сондай-ақ Астана қаласындағы № 32, № 83, № 30 және № 28 мектеп-гимназияларының, Әлімхан Ермеков атындағы № 38 мектеп-лицейінің және Қаныш Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейінің (№ 120 мектеп-лицей) оқушылары болды.
«Ашық есік күні» талапкерлерге университеттің академиялық ортасы туралы мәлімет алуға, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерімен танысуға және болашақ кәсіби бағытын айқындауға мүмкіндік берді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Филология факультеті талапкерлерге кәсіби бағдар беру, білім беру мүмкіндіктерін таныстыру және болашақ студенттермен байланысты нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
