
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ АУДАРМАТАНУДА

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Аударма теориясы мен практикасы кафедрасында зерттеуші-профессор С.Ж. Тәжібаеваның ұйымдастыруымен «Цифрлық технологиялар және заманауи аударматануда» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинардың мақсаты – аударматану мен тіл білімі салаларындағы зерттеулерде компьютерлік және цифрлық технологияларды қолданудың маңызын талқылау, сондай-ақ пәнаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолдарын қарастыру. Қазіргі цифрландыру дәуірінде тіл білімі, аударматану және ақпараттық технологиялардың өзара ықпалдастығы ғылыми зерттеулердің жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Семинарға Ақпараттық жүйелер кафедрасының қауымдастырылған профессоры М.А. Самбетбаева, осы кафедраның докторанттары және «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының докторанттары қатысты.
Іс-шара барысында ғылыми пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар болашақта бірлескен зерттеулер жүргізу және пәнаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.
