
«Ашық есік күні»

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Филология факультеті Астана қаласының мектептері мен республикалық мектептердің оқушыларын, сондай-ақ ата-аналар мен ұстаздарды «Ашық есік күні» онлайн іс-шарасына қатысуға шақырады.
Бұл кездесудің басты мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға сапалы кәсіби бағдар беру. Іс-шара бағдарламасы аясында қатысушылар Филология факультетінің білім беру бағдарламаларымен, оқу үдерісінің ерекшеліктерімен, академиялық мүмкіндіктермен және студенттік өмір барысымен толық таныса алады. Сонымен бірге кездесу соңында арнайы сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін толғандырған барлық сұрақтарына факультет өкілдерінен тікелей жауап алуға мүмкіндік алады.
Іс-шараның өту деректері:
Өтетін күні: 2026 жылғы 17 қазан
Уақыты: Сағат 10:00
Форматы: Онлайн (Zoom платформасы)
Конференция ID нөмірі: 814 6866 1153
Қосылу коды (пароль): 317981
Сілтемесі:https://us06web.zoom.us/j/81468661153?pwd=ionvPRRoV9jNJf1IaUgwQMgW6X8KXm.1
