
«Есіміңді еске түсір»: мәңгүрттік қасіретінен «Адал азамат» мұратына

«Мектепте орыс әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні аясында «6В01718 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Қайратова Махаббат, Дүйсебаева Балауса және Жоомарт кызы Гуласел елордадағы № 26 мектепте Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн…» романына арналған сыныптан тыс іс-шара әзірлеп, өткізді.
Іс-шараның «Есіміңді еске түсір: мәңгүрттік қасіретінен „Адал азамат“ мұратына» тақырыбын педагог-шебер Алдажарова Карлыга Асиповна ұсынып, студенттермен бірлесе жүзеге асырды. Мәңгүрттік мәселесін талқылау оқушыларға оның бүгінгі өмірмен байланысын пайымдап, тарихи жад, ұлттық бірегейлік, азаматтық жауапкершілік және адамгершілік таңдау туралы ойлануға мүмкіндік берді.
10-сынып оқушылары талқылауға белсене қатысты: ойландыратын сұрақтарға жауап беріп, өз ұстанымдарын білдірді, пікірталасқа түсіп, көзқарастарын дәйекті түрде қорғауға үйренді. Оқушылар өз пайымдарын романдағы дәйексөздермен және оқиғалармен негіздеп, сөйлеу мәдениетін, диалог жүргізу және сындарлы пікірталас құру дағдыларын жетілдірді.
Сыныптан тыс іс-шара Шыңғыс Айтматов шығармашылығы туралы білімді тереңдетумен қатар, тарихи жадты сақтау, адами қадір-қасиет пен азаматтық жауапкершілік туралы ой бөлісуге жол ашты. Ал студенттер үшін әдістемелік білімдерін тәжірибеде қолданып, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.
Кездесу негізгі сауал төңірегінде ой қорытумен аяқталды: тарихи жад пен адамгершілік және мәдени құндылықтарға адалдық адамның XXI ғасырдағы адал әрі жауапты азамат болып қалуына қалай көмектеседі?
